×

Ресейдің «Росатом» компаниясы Қазақстанның уран кеніштерін неге сатып алып жатыр

Әлеуметтік желіде Sputnik жаңалықтар порталы жасаған инфографика тарап жатыр

Ресейдің «Росатом»  компаниясы Қазақстанның уран кеніштерін неге сатып алып жатыр
REUTERS

Әлеуметтік желіде Sputnik жаңалықтар порталы жасаған инфографика тарап жатыр. Онда Қазақстанда уран өндіру активтерін иеленетін компаниялардың үлесі көрсетілген, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Осы ретте EnergyAnalytics telegram арнасы Sputnik порталы шындықты қатты бұрмалап жатыр деп айыптаған. 

«Себебі оған сенсек, барлық уран активтері уранның жетекші өндірушілері арасында біркелкі бөлінген сияқты көрінеді. Алайда шындықтың мәні басқада.  Уран өндіру көлемі бойынша «Росатом» әлемдегі ең ірі кен орындарына ие. Бұл қор бойынша инфографикадан айқын көрінеді. Менің ойымша, бұл ресейлік инфографика қазақстандықтарды «тыныштандыруға» арналған. Себебі ол жерде «Росатом» өндіру мен қор бойынша уран кен орындарының көпшілік иесі болып табылмайтыны көрсетілген», - дейді автор.

telegram арна шын мәнінде, «Қазатомөнеркәсіптегі» «Росатомның» өндіру үлесі - 21%, ал қордағы үлесі - 27% деп отыр. «Росатом» Ресейде жылына 2,5 мың тонна өндіреді және бұл көрсеткіш жыл сайын азайып келеді. Бұл олардың кен орындары таусылып, біздің уранды экспорттауды бастады деген сөз екенін жазған.

«Өйткені Қазақстаннан басқа олардың басқа елде активтері жоқ. Сондықтан инфографикадан көріп отырғанымыздай, «Росатомның» Қазақстанда уранды өндіру көлемі дәл осы себеппен өсіп жатыр. 2022 жылы өндіріс 4 мың тонна болды және бұл көрсеткіш тек өсе түседі. Өйткені жақында «Росатом» тағы бір активке ие болды. Олар әлемдегі ең ірі кен орындарының бірі саналатын «Буденовское» кен орнының 49% -на қол жеткізді», - делінген жазбада.

Мәміленің бағасы 1,2 миллиард доллар. Автордың бағалауы бойынша, баға кем дегенде 5 есе көп болуы керек екен.
Статистика: 2022 жылы Қазақстандағы уран өндірушілер:
«Қазатомөнеркәсіп» - 55%
« Росатом» - 21%
«Cameco» - 7%
« CGNM UK Limited» - 6%
«Орано «- 6%
«Жапон компаниялары» - 4%.

«Мұнай өндірумен салыстырғанда уран өндірісінің үлесі бірнеше ірі компаниялардың арасында көбірек шоғырланған. Ал статистикадан көріп отырғанымыздай, «Қазатомөнеркәсіп» Қазақстандағы жалпы уран өндірісінің жартысынан астамын қамтамасыз ете отырып, жетекші орынға ие», -делінген.

Возможно, это изображение текст

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

қосымша іс-шара өткізер болсақ, демеушілердің көмегімен өткіземіз
Қазақстан адам саудасына қарсы күрес бойынша әлем елдерінің екінші санатына кіреді
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →