×

«Бәрін сот шешеді»: Райымқұлова «Мұхамедиұлының қылмысына дәлеліңіз бар ма» деген сұраққа жауап берді

Бүгін Райымқұлова алғаш рет сотқа офлайн қатысты

«Бәрін сот шешеді»: Райымқұлова «Мұхамедиұлының қылмысына дәлеліңіз бар ма» деген сұраққа жауап берді
Коллаж: azattyq ruhy

Бүгін бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының сотында дәл сол министрлікті басқарған Ақтоты Райымқұлова куәгер ретінде  жауап беріп жатыр. Бүгін Райымқұлова алғаш рет сотқа офлайн қатысты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Мұхамедиұлының бюджет қаражатын жымқырғаны жөнінде сізде дәлел бар ма?» деп сұрақ қойды Мұхамедиұлының адвокаты Мұстақым Төлеев Ақтоты Райымқұловаға.
Ақтоты Райымқұлова бұл сұрақтың өзіне қойылуы "дұрыс емес" екенін атап өтті. Оның сөзінше, ондай мәлімет жоқ.

«Менде ондай мәлімет жоқ. Ол мәліметтерді анықтау басқа инстанциялардың міндеті. Бірақ қандай да бір жоспарлар мен іс-шаралардың жүзеге асырылуына заңды тұлға басшылығы жауапты. Ал қалғанын сот шешеді», – деді Райымқұлова.

Бұдан бұрынғы сот отырысында Райымқұлова Үндістанда көрмені өткізуге рұқсат бермегенін мәлімдеп, жағдайдың қалай болғанын егжей-тегжейлі айтып берген. Еске салайық, 2022 жылдың 28 мамырында сот санкциясымен Ұлттық музей директоры болған Арыстанбек Мұхамедиұлы қамауға алынған. Тергеу «Алтын адамның әлем мұражайлары бойынша шеруі» халықаралық көрмесін өткізуге, сондай-ақ «Қазақстанның ұлттық киелі нысандары мен музей қорларын жалпымемлекеттік фотограмметриялық 3D-сканерлеу» және «Қазақстан Республикасының Ұлттық цифрлық киноколлекциясын цифрландыру» жобаларына бөлінген бюджет қаражатын ұрлау фактілері бойынша жүргізілді.  Іс бойынша төрт айыпталушы бар: Арыстанбек Мұхамедиұлы (Ұлтық музей директоры), Ұлттық музейдің экс-директоры Алмас Нұразхан, “Экспонат” ЖШС директорының орынбасары Азамат Көшенов, “Экспонат” ЖШС бас бухгалтері Айым Сәдуақасова.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант
Кеше, 11:11

Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант

Қазақстандағы резонансты сот процесі ол жақта да айтылып жатқаны жөнінде ол жақында видео жариялады
Ол Бишімбаевтың Салтанатпен сөйлескен видеосының аудиосын жариялады
Бүгін блогер 24 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесіне қатысып, сот залына кірді
Жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтан жауап алды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →