×

Алматыда үйдің ауласында көлік баланы қағып кетті

Ол дене жарақатымен қалалық ауруханалардың біріне жеткізілді

Алматыда үйдің ауласында көлік баланы қағып кетті
видеодан кадр

 Алматыда «Alma City» тұрғын үй кешенінің ауласында Daewoo Nexia көлігінің жүргізушісі 7 жасар баланы қағып, ойын алаңына кіріп кетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның видеосы әлеуметтік желіде пайда болды.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 20 мамыр күні кешкі сағат 18:30 шамасында «Alma City» шағын ауданында болды.

«Daewoo» маркалы көліктің жүргізушісі ішкі ауламен батыс бағытта келе жатып, 7 жасар баланы қағып кетті. Ол дене жарақатымен қалалық ауруханалардың біріне жеткізілді. ЖКО дерегін Наурызбай аудандық полиция басқармасы тергеп жатыр»,-  деп хабарлады Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінен.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →