×

Алматы облысында 4 млн теңгенің алтын бұйымдарын ұрлаған күдіктілер ұсталды

Қазір олардың барлығы қамауға алынды

Алматы облысында 4 млн теңгенің алтын бұйымдарын ұрлаған күдіктілер ұсталды
Ашық дереккөздерден

Алматы облысының полицейлері ірі ұрлықтың бетін ашты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

7 сәуір Қонаев ҚПБ-ға Шеңгелді ауылының 55 жастағы тұрғыны үйден алтын бұйымдарын ұрлаған белгісіз тұлғаларға қатысты шара қабылдау туралы жазбаша арызданды. Тергеу-жедел тобы күдіктілердің үйге пластикалық терезе арқылы кіріп, жалпы сомасы 4 млн 170 мың теңге көлемінде ұрлық жасағанын анықтады.

Дерек облыс орталығының полициясында ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігінің 3- тармағы бойынша тіркелді.

1992, 1997 және 1996 жылғы күдіктілер тобы анықталды. Қазір олардың барлығы қамауға алынды.

Күдіктілер Қонаев қаласының аумағында төрт ұрлық дерегін жасағанын және көршілес өңірдегі үш эпизодты мойындап отыр. Тергеу іс-шаралары жүріп жатыр. Күдіктілердің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы кеден 3,5 айға жабылды
Кеше, 13:01

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы кеден 3,5 айға жабылды

Шекарадан өтуге жеке тұлғаларға, жеңіл автокөліктерге, автобустарға және 3,5 тоннаға дейінгі көлік құралдарына қатысты уақытша тыйым САЛЫНДЫ
Шамалған ауылындағы Назарбаевтар әулетінің қорымында жаңа қабір пайда болғаны белгілі болды
Ол үшінші тұлғаға 2 000 гектардан астам жерді сатып жіберген
Сот компанияны өтемақы төлеуге міндеттеді. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →