×

Көкшетаудағы қазандықтарды жөндеуге 2 млрд теңге қаржы бөлінді

Қала тұрғындарын екі қазандық жылумен қамтамасыз етеді

Көкшетаудағы қазандықтарды жөндеуге 2 млрд теңге қаржы бөлінді
primeminister.kz

ҚР Үкіметі өңірлік жылу электр орталықтары мен басқа да жылу көздерін алдағы қысқа дайындау шеңберінде Көкшетау қаласындағы қазандықтарды өндеуге өз резервінен 1,9 млрд теңгеден астам қаражат бөлді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Қала тұрғындарын екі қазандық – 1-АҚ (1977 жылы салынған) және 2-АҚ (1998 жылы) жылумен қамтамасыз етеді. Біріншісінде жалпы қуаты 294 Гкал/сағ болатын 3 газ-мазутты қазандығы, екіншісінде – қуаттылығы 280 Гкал/сағ болатын 3 ұнтақ көмір қазандығы орнатылған. Бүгінде жылу көздеріндегі жабдықтар әбден тозған.

Қысқа дайындық қарсаңында түтін мұржаларын, қазандық қондырғыларын, газ құбырлары мен ауа жылытқыштарды жөндеу және басқа да жұмыстар жоспарланып отыр. Нәтижесінде 2023-2024 жылдардағы және одан кейінгі жылыту маусымы іркіліссіз өтуі қажет.

Айта кету керек, бүгінде жаңа кәсіпорындардың іске қосылуы мен жалпы жергілікті экономиканың дамуы аясында Көкшетаудың энергияға артып келе жатқан қажеттілігін қамтамасыз ету үшін толыққанды жылу электр орталығының құрылысы пысықталып жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда SIM-картаны енді дүкендер сата алмайды
Бүгін, 16:19

Қазақстанда SIM-картаны енді дүкендер сата алмайды

Қазақстанда ұялы нөмірлерді сатып алу тәсілі түбегейлі өзгереді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Қазақстандағы ең табысты он МҚҰ-ның жартысы «жалақыға дейінгі» қарыз беру саласында жұмыс істейді.
Қазақстандық боксшы, үш дүркін әлем чемпионы әрі Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбай Астанада өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде кемі қола медальді қоржынына салды.
AZAL жолаушылар ұшағының Ақтаудағы апатына қатысты тергеу үш елде бір уақытта жүргізіліп жатыр, сараптама нәтижелері жақын уақытта жариялануы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →