×

Шымкентте итін көлікке байлап сүйреген жүргізуші анықталды

Шымкентте итін көлікке байлап сүйреген жүргізуші анықталды

Шымкентте итін көлігінің артына байлап, сүйреген жүргізуші анықталды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

Шымкенттік полицейлер әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында белгісіз адамның қала көшелерінің бірінде Opel Astra автокөлігіне байланған ақ түсті төбетті сүйреп бара жатқан бейнежазбаға пікір білдірді.

"ҚПД Жедел басқару орталығының инспекторлары "Қорғау" қосымшасының көмегімен көліктің қозғалған орны мен жүргізушінің жеке басын анықтады. Ол Түркістан облысының тұрғыны болып шықты", – делінген полиция хабарламасында.

Барлық деректер Әл-Фараби аудандық ПБ-ға жолданды.

"Ер адамның айтуынша, ол көшіп жатқан. Автокөліктің салонында итке орын болмағандықтан, оны көлікке байлауды ұйғарған. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 407-2-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", – делінген хабарламада.

Жиналған материалдар мамандандырылған әкімшілік сотқа жіберіледі. Сондай-ақ, төбет иесімен профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Көлік салығы - 2026: 1 сәуірден кейін борышкерлерді не күтіп тұр
Бүгін, 22:25

Көлік салығы - 2026: 1 сәуірден кейін борышкерлерді не күтіп тұр

Көлік салығы салық заңнамасында белгіленген салық мөлшерлемесіне сәйкес дербес есептеледі
Жастар мен жасөспірімдер интернеттегі ақпараттарға сыни көзбен қарауы тиіс
Марат Елеусізұлы балалармен подкаст форматында әңгіме өрбітіп, олардың қойған сұрақтарына жауап берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →