×

Алматы тауларында жоғалып кеткен аустралиялық туристің денесі табылды

Мәйіт Аюсай шатқалындағы бірінші сарқыраманың жанынан табылды

Алматы тауларында жоғалып кеткен аустралиялық туристің денесі табылды
liter.kz

Республикалық жедел-құтқару жасағы Алматы тауларында жоғалып кеткен Аустралия азаматының денесін тапты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мәйіт Аюсай шатқалындағы бірінші сарқыраманың жанынан табылды.

“Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында БАО-дан алыс емес Аю-Сай шатқалында зорлық-зомбылық белгілерінсіз қайтыс болған 1995 жылы туған Herd Jake Michael-дың денесі табылды. Жеке заттары өзімен бірге болды. Кісі өлімінің себебін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды”, - деп хабарлады Алмалы аудандық ПБ бастығы Есен Ысқақов.

Алдын-ала мәлімет бойынша, 2023 жылғы 21 мамырда 1995 жылы туған Аустралия азаматы Үлкен Алматы шатқалына қарай кеткен.

Полиция департаментіне оның жоғалып кеткенін хостелде бірге тұрған Ресей азаматы хабарлаған.

Жоғалған адамды соңғы рет әріптесі көрген. Оның айтуынша, олар Алматыға 20 мамыр таңертең туристтік мақсатта келген. 22 мамырда таңғы сағат 7-де туристтер кері ұшып кетуі керек болған, бірақ жолдасы әуежайға жалғыз барыпты.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы әкімі тазарту құрылыстарын жаңғырту және «Сорбұлақ» жинағышының жағдайымен танысты
Кеше, 15:01

Алматы әкімі тазарту құрылыстарын жаңғырту және «Сорбұлақ» жинағышының жағдайымен танысты

Алматы әкімі су тазарту нысандарын аралап, жаңғырту шараларын күшейтуді тапсырды
«Алматы жылу жүйесі» ЖШС қала тұрғындарын жауапкершілік танытуға, қарызды жинамай, жылумен жабдықтау қызметін уақытылы төлеуге шақырады
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Сабыржан Кәрімов Перизат Қайраттың сотты жабық өткізу жөнінде өтінішін қарап, шешім шығарды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →