×

Қамақтан шыққан Марат Жыланбаевтың үйін полиция тінтіп, өзін изоляторға әкеткен

Мамырдың басында әкімшілік сот шешімімен Марат Жыланбаев 20 тәулікке қамалып, мерзімі бүгін біткен

Қамақтан шыққан Марат Жыланбаевтың үйін полиция тінтіп, өзін изоляторға әкеткен
vlast.kz

Бүгін, мамырдың 23-інде қоғам белсендісі, тіркелмеген оппозициялық "Алға, Қазақстан" ұйымының төрағасы Марат Жыланбаевтың үйін полиция тінтті, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Азаттыққа сілтеме жасап.

Марат Жыланбаевтың қызы Азия Жыланбаева таңертең әкесін қарсы алуға барғанын, бірақ оны полиция алып кеткенін біліп, кейін қайтқанда, полиция үйіне кіргізбей қойғанын айтты. Оның сөзінше, полиция мән-жайды түсіндірмеген.

Полиция Азаттық тілшісінің сұрағын да жауапсыз қалдырды. Бірнеше минуттан кейін полиция формасы мен жай киімдегі он шақты адам үйден шықты. Олар тінтуге рұқсат беретін құжатын көрсетпестен кетіп қалды.

Мамырдың басында әкімшілік сот шешімімен Марат Жыланбаев 20 тәулікке қамалып, мерзімі бүгін біткен. Белсендінің жақтастары бүгін таңертең оны абақты алдында күткенімен, Жыланбаев шықпаған. Туыстары белсенділерге Марат Жыланбаевты изолятордан полицияның экстремизммен күрес бөліміне әкеткенін айтқан.

Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл жөнінде түсінік бермеді.

Жыланбаевтың әйелінің сөзіне қарағанда, тінтуге келген қызметкерлер рұқсат қағазына ұқсайтын құжат көрсеткен және ешкімнің келісімінсіз-ақ тінтетінін айтқан. Тінту жүргізгендер флешка, телефон және "Алға, Қазақстан!" деген жазуы бар бірнеше футболканы алып кеткен.

Қазақстанның белгілі марафоншысы Марат Жыланбаевты саяси тұтқындарға бостандық талап етіп, наурыз айында акция өткізгені үшін мамырдың басында 20 тәулікке қамаған. Акцияға қатысқандар Батысты "Путинге көмектескен" Қазақстан билігіне санкция салуға да үндеген.

Марат Жыланбаев басқаратын "Алға, Қазақстан" ұйымы партия ретінде ресми тіркелуге әлденеше рет талпынған. Ұйымның бастамашыл тобы осы аптада әділет министрлігіне 15-рет құжат тапсырғалы отырған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Оның өмір жолы – барша қазақстандықтар үшін үлгі
Бұл күні акцияға қатысушылар 200-ден астам ағаш көшеттерін отырғызды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →