×

Рейсі кешіккен Шымкент тұрғыны әуежай қызметкерін соққыға жыққан

Шымкент тұрғыны рейс уақытының кейінге шегерілуіне наразы болып, әуежай қызметкеріне қол көтерген

Рейсі кешіккен Шымкент тұрғыны әуежай қызметкерін соққыға жыққан
Ашық дереккөздерден

Шымкент қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімшесіне Air Astana әуекомпаниясының 22 жастағы өкілі Шымкент-Алматы бағытындағы әуерейсінің жолаушысына қатысты шара қабылдау туралы шағымданды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Zakon.kz сілтеме жасап.

«Арызданушының айтуынша, жолаушы әйел рейстің кешігуіне және ауысуына байланысты өзін дөрекі ұстап, балағат сөздер айтқан. Мән-жайды анықтау барысында көлік полицейлері Шымкент қаласының 43 жастағы тұрғынын анықтады. Ол жанжал кезінде супервайзердің оң қолының білегінің жұмсақ тіндерінің көгеруі түріндегі дене жарақатын келтірді», - дейді полициядағылар.

Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі (Ұсақ бұзақылық) және ҚР ӘҚБтК -нің 73-1-бабының 1-бөлігі (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) бойынша екі әкімшілік хаттама толтырылды. Әкімшілік істер шешім қабылдау үшін қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды.

Айта кетсек, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін 15 АЕК айыппұл немесе 15 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алуға, ал ұсақ бұзақылық 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға не 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеліп соғады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы әкімі тазарту құрылыстарын жаңғырту және «Сорбұлақ» жинағышының жағдайымен танысты
Бүгін, 15:01

Алматы әкімі тазарту құрылыстарын жаңғырту және «Сорбұлақ» жинағышының жағдайымен танысты

Алматы әкімі су тазарту нысандарын аралап, жаңғырту шараларын күшейтуді тапсырды
«Алматы жылу жүйесі» ЖШС қала тұрғындарын жауапкершілік танытуға, қарызды жинамай, жылумен жабдықтау қызметін уақытылы төлеуге шақырады
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Сабыржан Кәрімов Перизат Қайраттың сотты жабық өткізу жөнінде өтінішін қарап, шешім шығарды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →