×

Ресей Қазақстанның 8,5 млн гектардан астам жерін полигон ретінде пайдаланып келеді

Депутаттар ол жерлерді ауылшаруашылық мақсатында пайдалануды ұсынып отыр

Ресей Қазақстанның 8,5 млн гектардан астам жерін полигон ретінде пайдаланып келеді
Из открытых источников

Ресей Қазақстанның 8,5 миллион гектардан аса жерін жалға алып әскери полигон ретінде пайдаланып келеді. Ал жалға берілген аумақтың әр гектарына 1046 теңге төлейді. Бұл баға 2005 жылдан бері өзгермеген, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі 31-арнаға сілтеме жасап.

Еліміздің Қорғаныс министрлігіндегілердің мәліметінше, Қарағанды, Жамбыл, Ақтөбе, Қызылорда және Ұлытау облыстарындағы аумағы 7 миллион гектар болатын Сары-Шаған сынақ алаңы Ресейге жалға берілген.

Одан соң Батыс Қазақстан мен Атырау өңірлеріндегі 1 миллион гектардан аса жердегі 929-шы мемлекеттік ұшу-сынақ орталығы да әзірге көрші елдің еншісінде. Бұдан бөлек, Батыс Қазақстандағы көлемі 300 мың гектар болатын 4-ші мемлекеттік орталық полигонды да жалға алып отыр.

“Бұл полигондарда Ресей Қарулы Күштері әскери техникаларды әзірлеп, оны сынақтан өткізеді. Осылайша, еліміздің қазынасына 10 миллиард теңге табыс түсіп тұр”, - дейді жауапты ведомство өкілдері.

Жалға алу шартына байланысты алғашқы халықаралық келісімшарт 1993 жылы жасалған. Сондай-ақ жалға беру уақыты 2030 жылға дейін жалғасады деп жоспарланған.

Ал депутаттар Ресей әскери күштеріне берілген полигон аумағын қайтарып, ауылшаруашылық жері ретінде тұрғындарға беруді ұсынып отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант
Кеше, 11:11

Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант

Қазақстандағы резонансты сот процесі ол жақта да айтылып жатқаны жөнінде ол жақында видео жариялады
Ол Бишімбаевтың Салтанатпен сөйлескен видеосының аудиосын жариялады
Бүгін блогер 24 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесіне қатысып, сот залына кірді
Жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтан жауап алды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →