×

«Демилитаризация Украина армиясын әлемдегі үздік әскердің біріне айналдырды»: Пригожин Ресейдің соғыстағы сәтсіздігін мойындады

Ол соғыстың басындағы және қазіргі Украина әскері мен танктерінің санын салыстырды

«Демилитаризация Украина армиясын әлемдегі үздік әскердің біріне айналдырды»: Пригожин Ресейдің соғыстағы сәтсіздігін мойындады
Gleb Garanich / Reuters

«Вагнер» жеке әскер компаниясының негізін қалаушы Евгений Пригожин харьковтық бұрынғы ресейшіл белсенді әрі насихаттаушы Константин Долговқа сұхбат берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Біз ұлтшылдарды іздеу үшін бүкіл аумақты кездік. Жол-жөнекей кездескендердің бәрін жайратып, Киевке жеттік. Шабуыл сәтсіз аяқталды. Одан кейін Херсонға бардық. Тағы да танауымыз тасқа тиді. Бұған дейін бе, әлде кейін бе, уақыттан шатастық. Изюмға, Красный Лиманға да жеттік. Бірақ жолымыз болмады», - деді Евгений Пригожин. 

«Вагнердің» негізін салушы ұлтшылдар Украинаны әлемге әйгілі мемлекетке айналдырғанын айтты. 

«Денацификация және демилитаризация үшін арнайы операция жүргізілді. Осылайша, біз айтқан Украинаның денацификациясы Украинаны бүкіл әлемге танымал ұлтқа айналдырды. Бұл Грекияның өркендеуі кезінде гректердің римдіктер сияқты жасағанына ұқсас. Украина заңдастырылды. Украина әлемге әйгілі елге айналды», - деді Евгений Пригожин.

Ол сонымен қатар соғыстың басындағы және қазіргі кездегі Украина әскері мен танктерінің санын салыстырды.

«Енді демилитаризацияға келсек. Егер арнайы операцияның басында 500 танк болса, қазір оларда 5 мың танк бар. Бұрын 20 мың адам соғыса алса, қазір 400 мың адам соғысқа қатысады. Көрдіңіз бе, біз оларды қалай демилитаризацияладық? Керісінше, оларды милитаризацияладық.Меніңше, украиндар бүгінде ең қуатты әскерлердің бірі. Олардың ұйымдастырушылық , дайындық, барлау деңгейі жоғары, түрлі қару-жарақтары бар. Бұған қоса, олар кез келген қарумен, кеңестік болса да, НАТО болса да, бәрімен бірдей жақсы жұмыс істей алады», - деді «Вагнер» ЖӘК негізін қалаушы.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шымкентте жаңа жылдық безендіруге қанша ақша жұмсалатыны белгілі болды
22.11.2024ж. 15:58

Шымкентте жаңа жылдық безендіруге қанша ақша жұмсалатыны белгілі болды

қосымша іс-шара өткізер болсақ, демеушілердің көмегімен өткіземіз
Қазақстан адам саудасына қарсы күрес бойынша әлем елдерінің екінші санатына кіреді
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған
Қылмыстық іске басшыдан бөлек мекеме қызметкерінің де қатысы бар

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →