×

Желіде Сауат Мыңбаевтың қызының тойында мүгедектерге арналған арбада отырған суреті тарады

Түркияда оның қызының тойы өтті

Желіде Сауат Мыңбаевтың қызының тойында мүгедектерге арналған арбада отырған суреті тарады
t.me/chinovnik_kz

Түркияда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бұрынғы басшысы Сауат Мыңбаевтың қызы мен танымал үнді кәсіпкерінің ұлының салтанатты тойы өтті. Мереке Асқар Алшынбаев, Нұржан Субханбердин және басқа да қазақстандық кәсіпкерлердің виллалары орналасқан Измирдің Теос аралында өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Салтанатты шара үнділік стильде өтіп, кешке елдегі барлық шенеуніктердің, олигархтардың балаларымен той болды. Іс-шараға қазақстандық саясаткерлер, соның ішінде Ахметжан Есімов, Иманғали Тасмағамбетов, Қайрат Мәми, Бауыржан Байбек, Берік Имашев және Forbes тізіміндегі барлық дерлік жетекші бизнесмендер қатысты.

Сондай-ақ Сауат Мыңбаевтың мүгедектерге арналған арбада отырған фотосуреті тарады. 

Еске салайық, 2021 жылы "Қазақстан темір жолының" сол кездегі төрағасы Сауат Мыңбаев спортпен шұғылдану кезінде омыртқасынан жарақат алып, ауруханаға түскені хабарланған болатын.

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының төрағасы Сауат Мыңбаев спортпен шұғылдану кезінде жарақат алды. Қазіргі уақытта емделіп жатыр. Денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ", - делінген хабарламада.

Көпшілік оның бел омыртқасын спорт кезінде сындырып алғанына күмәнмен қараған.

Сауат Мыңбаев Қазақстан теміржол компаниясын 2018 жылы басқарды. Бұған дейін "ҚазМұнайГаз" ұлттық мұнай-газ компаниясын басқарған. Сондай-ақ,  Президент Әкімшілігінің басшысы, вице-премьер, Ауыл шаруашылығы министрі, Энергетика министрі, Индустрия және сауда министрі сынды лауазымды қызметтерді атқарды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →