×

Ресей Қазақстан экономикасына инвестиция салу бойынша алғашқы бестікке кіреді

Бұл көрсеткіш бойынша Ресейді – Нидерланды, АҚШ, Қытайдан мемлекеттері ғана озып отыр

Ресей Қазақстан экономикасына инвестиция салу бойынша алғашқы бестікке кіреді
bugin.kz

2022 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша ҚР мен РФ арасындағы тауар айналымы $18,4 млрд құрады, бұл өткен жылғы 9 айлық көрсеткіштен 5%-ға жоғары, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің мәліметіне сүйеніп. 

Қазақстанның Ресейге экспорты 15,1%-ға немесе $5,9 млрд-қа дейін өсті, ал Ресей Федерациясынан Қазақстанға импорт 0,8%-ға немесе $12,4 млрд-қа дейін өскен.

Экспорттың өсу қарқыны Ресейге табиғи уран (өсім 2,1 есе), алюминий оксиді (өсім 2,3 есе), мырыш (2 есе) жеткізілімдерін ұлғайту есебінен сақталып отыр. Бұл ретте металл илектің (-33%) және темір кендерін (-76%) жеткізудің төмендеуі байқалған.

“Ресейге жеткізілетін өнім ассортиментінің өсуін атап өту қажет. Егер өткен жылдың қаңтар-қыркүйегінде тауарлардың 640 түрі болса, ағымдағы жылғы 9 айдың  қорытындысы бойынша олардың саны 1057-ге дейін жетті. Өңірлер бойынша Алматы қаласынан экспорттың 2,7 есеге ($379,1 млн-нан  $1014 млн-ға дейін) және Астана қаласынан Ресейге жеткізілімдердің 5 еседен астам ($150,4 млн-нан $786,2 млн-ға дейін) өскенін атап өткен жөн. Сондай-ақ, Павлодар облысының Ресейге экспорты 36%-ға өсті, өз жеткізілімдерін Ақтөбе облысы 48%-ға, Түркістан облысы 19%-ға ұлғайтты. Ресей Федерациясынан импортқа келетін болсақ, болаттан жартылай фабрикаттарды сатып алу 22%-ға, мұнай өнімдерінің импорты 35%-ға, бағалы металдар кендері 20%-ға және бидай импорты 2 есе өсті. Бұл ретте ресейлік автомобильдерді 3,6 есе және алтынды сатып алу 30%-ға төмендеді”, – делінген министрлік мәліметінде.

Ресей Қазақстан экономикасына инвестиция салу бойынша алғашқы бестікке кіреді. Ағымдағы жылғы 6 айдың қорытындысы бойынша Ресейден келген ТШИ-дің жалпы ағыны 30%-ға немесе $722 млн-нан $938 млн-ға дейін өсті. Тұтастай алғанда, 2005 жылдан бастап Ресей Федерациясынан ТШИ-дің жалпы ағыны шамамен $18,7 млрд құрады. Бұл көрсеткіш бойынша Ресей Нидерландыдан ($108,2 млрд), АҚШ-тан ($50,1 млрд) және Қытайдан ($22,4 млрд) қалып отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Бүгін, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →