×

Арыста кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікті қамауға алынды

Полицейлер күдіктіні ізін суытпай қолға түсірді

Арыста кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікті қамауға алынды
inbusiness.kz

Түркістан облысының полицейлері Арыс ауданындағы кәмелетке толмаған қызға қатысты құқыққа қайшы әрекеттер дерегі бойынша соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр , деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

21 мамырда Арыс АПБ-ға жергілікті тұрғыннан хабарлама келіп түскен.

"Арыз негізінде полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде күдіктіні "ізін суытпай" сол сағатта ұстады. Ол Арыс қаласының тұрғыны болып шықты", - делінген хабарламада.

Бұл факт ҚР ҚК-нің 121-бабы 4-бөлігі "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша тіркелген. Күдікті қамауға алынды. Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.

"Полицейлер дағдарыс орталығымен байланысып, қызбен психологтар жұмыс жүргізді. Қазір жасөспірім үйінде, сараптама қорытындысына сәйкес, қыздың денесінде басқа да жарақаттар анықталған жоқ. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етілуге жатпайды. Көрінеу жалған ақпарат үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз", - делінген хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті
Бүгін, 17:20

Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті

Сарапшылардың айтуынша, ЕАЭО құрамындағы басқа елдердегі жоғары инфляция аясында Қазақстан баға өсімін тежеуді жалғастырып келеді
Аталған жағдай бірінші рет тіркеліп отырған жоқ.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2025 жылдың бес айында Қазақстанда 23,8 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2024 жылғы қаңтар-мамыр - 20,3 мың тонна) 17,1% артық.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →