×

Тоқаев Ресейде өткен ЕЭАО жиынында ядролық қару жайлы не деді

Оның айтуынша, ядролық қаруға ие болу – қазіргі әлемде қауіпсіздіктің кепілі емес

Тоқаев Ресейде өткен ЕЭАО жиынында ядролық қару жайлы не деді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейде өткен Еуразиялық экономикалық форумда Семей полигонына қатысты модератордың сауалына жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Шынында да бізде бұл туралы айтуға моральдық және саяси құқығымыз бар. Себебі президенттің жарлығымен 1991 жылы Семей ядролық полигоны жабылды. Міне содан бері біз ядролық қарусызданудың маңызы туралы айтып келеміз. Әрине, бұл өте күрделі мәселе, ядролық қаруды таратпау туралы 1968 жылғы шарт шын мәнінде жұмыс істемейді. Ядролық мемлекет пайда болды, бірақ кез келген жағдайда ядролық қарусыз әлемге ұмтылу керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ол Қазақстан дәл осы әлемді қолдады және солай қала береді деп айтты. Қалғаны әрине, ядролық мемлекет болғысы келетін ядролық клуб мүшелерінің құзырында деп отыр. 

«Алайда ядролық қаруға ие болу – қазіргі әлемде қауіпсіздіктің, әсіресе экономикалық өркендеудің кепілі емес. Кейде ядролық қарудың болмағаны жақсы, есесіне экономикаға ірі инвестиция тартып, қолдау көрсетіп, әлемнің барлық елімен жақсы қарым-қатынасты дамытуға болады. Ал мұны Қазақстан іс жүзінде істер отыр», - деді Президент.

Айта кетейік, Семей полигоны 1991 жылы 29 тамызда жабылды. Совет одағы 40 жыл ішінде полигонда ядролық қарудың кем дегенде 468 сынағын өткізген. Полигонға жақын маңдағы елдімекен тұрғындары әлі күнге дейін радиацияның салдарынан зардап шегіп келеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →