×

«БерӘлі Маңғыстау компанидің» 70 қызметкері жұмыс орындарына оралды

«БерӘлі Маңғыстау компани» қызметкерлерінің мәселелерін шешу бойынша жұмыс тобы жүйелі жұмыс жүргізуде

«БерӘлі Маңғыстау компанидің» 70 қызметкері жұмыс орындарына оралды
Ашық дереккөздерден

Күн сайын «БерӘлі» ЖШС-нің бұрынғы 60-қа жуық қызметкері «Өзенмұнайгаз» АҚ ғимаратының алдына жиналып, ультимативті талаптар қоя отырып жұмыс тобының қызметін бұрмалайтын бірқатар бейне өтініш жазуда, деп хабарлайды Qaz365.kz Маңғыстау облысы әкімдігінің телеграм каналына сілтеме жасап. 

2 мамырда облыс әкімінің өкімімен «БерӘлі Маңғыстау компани» сервис компаниясының бұрынғы қызметкерлері көтерген мәселелерді қарау бойынша арнайы жұмыс тобы құрылды.

Жұмыс тобының құрамына жауапты облыстық басқармалардың, құқық қорғау органдарының басшылары, Жаңаөзен қаласының белсенділері, мәслихат депутаттары, «БерӘлі Маңғыстау компани» серіктестігінің бұрынғы қызметкерлері және кәсіподақ өкілдері кірді. 

Бүгінгі таңда жұмыс тобының 3 отырысы өткізілді. «БерӘлі» қызметкерлерінің өтініші бойынша жұмыс тобының отырысына Сенат депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты, олар жұмыс тобының мүшелерімен бірге наразылық білдірушілердің әрбір талабын пысықтады. 

Бастапқыда негізгі талап «БерӘлі Маңғыстау компаниға» жұмыс көлемін беру болса, жұмыс тобының әрбір отырысында талаптар өзгеріп, күшейіп, тіпті, орындалмайтын  талаптар қойыла бастады. 

Бұл ретте серіктестіктің бұрынғы қызметкерлеріне «Кезби», «Мөлдірмұнайсервис», «Айбис» ЖШС-де, сондай-ақ «БерӘлінің» өзінде жалақы мен еңбек жағдайларын сақтай отырып жұмыс орындары ұсынылды.

Биыл сәуір айында алынған 600 млн теңгеден астам сомаға ұңғымаларды жою жөніндегі жұмыстардың көлемін іске асыру үшін  «БерӘлі» ЖШС бұрынғы 70 қызметкері жұмыс орнына қайта оралды. 

Алайда, қалған жұмысшылар ұсынылған ұйымдарда еңбек жағдайларының жеткіліксіздігі және материалдық-техникалық базаның төмен деңгейде екенін алға тартып, жұмысқа орналасудан бас тартты. Еңбек инспекциясының және өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің мамандары әлеуетті жұмыс берушілердің еңбек жағдайлары мен материалдық-техникалық базасын тексеру бойынша жұмыс жүргізуде.

Өз кезегінде «БерӘлі» қызметкерлері қолданыстағы жұмысқа орналасу алгоритмін айналып өтіп, жұмысқа орналасу кезегінде тұрған Жаңаөзен қаласы тұрғындарының құқықтарын бұзып, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Бұрғылау»ЖШС, «МұнайФилдСервис» ЖШС-де тікелей жұмысқа орналасу талаптарын қойды. 

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Жаңаөзен қаласында «Өзенмұнайгаз» компаниясының қаржы-шаруашылық қызметін тексеруді жалғастыруда. Комиссияның жұмысы туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде жарияланды.

Ұсыныстарға сәйкес, биыл 17 мамырда ұңғымаларды жерасты жөндеу бойынша ұзақ мерзімді үш жылдық тендер жарияланды. Оның қорытындысы маусым айының соңында шығады. 

«БерӘлінің» бұрынғы қызметкерлері жұмысқа орналастырудан бас тартқан жағдайда, ұсынылып отырған бос жұмыс орындарына компаниялардың жұмыс берушілері қолданыстағы алгоритм шеңберінде мұнай саласына жұмысқа орналасуға кезекте тұрған жұмыссыздар қатарынан жұмысқа қабылдауды жоспарлап отыр. 

Жұмыс тобының мүшелері бірнеше рет «БерӘлі» қызметкерлерін арандатушылардың сөзіне ермей, орындалмайтын талаптар қоймай, тұрақты жалақысы бар жұмысқа орналасуға шақырды. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Бүгін, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →