×

Орал әуежайы ресейлік олигархқа сатылды ма - БҚО әкімі жауап берді

"Ретранс" АҚ компаниясы әуежайдың 49% үлесіне ие

Орал әуежайы ресейлік олигархқа сатылды ма - БҚО әкімі жауап берді
akorda.kz

26 мамырда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев ресейлік миллиардер Виктор Вексельберг Орал әуежайын сатып алған компанияның акционері емес екенін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Аймақ басшысы түсіндіргендей, Мәншүк Мәметова атындағы Орал қаласының әуежайы үлескерлерінің бірі – АҚШ санкциясына ұшыраған ресейлік миллиардер Виктор Вексельбергпен байланысы болған деп танылған ресейлік «Ретранс» АҚ компаниясы. Бұл компания – қазір әуежайдың 49% үлесіне ие және "Аэропорты регионов" АҚ құрамына кіретін басқарушы холдинг.

Нариман Төреғалиевтің айтуынша, ресейлік миллиардер «Ретранс» АҚ құрылтайшысы емес.

"Вексельбергке келсек, ол бүгінде «Ретранс» АҚ-ның құрылтайшысы емес. Неге? Өйткені бұл әуежайдың акциялары иеліктен шығарылған кезде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне қарасты Азаматтық авиация комитеті осы мәліметтердің барлығын мұқият тексерді: кімге тиесілі, кімге немесе кім қай АҚ-ға тиесілі және тағы басқа. Комитеттен басқа барлық мемлекеттік органдар бірлесіп, осы компанияның үлесін иеліктен шығару кезінде тексерген. Меніңше, тиісті органдар қауіптің бәрін ескерді. Содан кейін ғана былтыр қараша айында үкіметтің қаулысы шықты деп ойлаймын", – дейді Нариман Төреғалиев.

Сонымен қатар журналистер әкімнен пессимистік сценарий туралы және бұл жағдайда әуежайды кім басқаратынын сұрады.

"Бізде әуе кеңістігі туралы заң бар. Онда ұлттық қауіпсіздікке қатер төнген жағдайда уақытша бақылау бірден мемлекетке өтетіні анық жазылған, яғни, мемлекет уақытша бақылауды өз мойнына алады. Демек ондай жағдайда бұл компаниялардың барлығын бірден алып тастайды. Заң (ҚР Әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" ҚР заңы, 73-бабы "Әуежайды уақытша басқару" заңы) сіздің сұрағыңызға лайық жауап береді деп ойлаймын", – дейді әкім.

"Аэропорты регионов" компаниясы Қазақстандағы серіктестермен бірлесіп "Орал халықаралық әуежайының" операторы "Орал халықаралық әуежайы" ЖШС-ны сатып алу бойынша мәмілені аяқтады. Әуежайдың жолаушылар ағыны жылына 300 000 адамнан асады. Бұған дейін ресейлік холдинг оны транзиттік хаб ретінде дамытуға ниетті екенін мәлімдеген.

«Мәншүк Мәметова атындағы «Орал халықаралық әуежайы» ЖШС меншік иелерін ауыстырғанда, батысқазақстандықтар жаппай биліктен әуежайдағы ресейлік кәсіпкердің үлесін қайтаруды талап еткен болатын. Кейін Орал әуежайын сатып алған құрылтайшылардың акция көлемі бұған дейін жазылып келгендей болмай шыққаны анықталған еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Бүгін, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →