×

Еліміздегі сейсмикалық станциялардың жабдықтары тозған

Осы мәлеселерді шешу үшін жауапты министрлік 5 жылдық кешенді жоспар бекіткен

Еліміздегі сейсмикалық станциялардың жабдықтары тозған
Ашық дереккөздерден

«Азаматтық қорғау саласындағы 2023-2027 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралардың кешенді жоспарында» елдегі сейсмикалық станциялардың жағдайы көрсетілген, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Бүгінгі таңда жұмыс істеп тұрған 63 сейсмикалық станцияда жабдықтың негізгі бөлігі моральдық және физикалық тұрғыдан ескірген. Жабдықтардың болмауына байланысты 6 сейсмикалық станция сақталды, ал 30-ы жаңғыртуды қажет етеді. Материалдық-техникалық жарақтандыру тиесілілік нормасының 25%-ын алады», - деп мәселе көтерілген құжатта.

Ал, халықты техникалық құлақтандыру үшін қажетті құралдар жалпы қажеттіліктің 40,9%-ын ғана алады.

«ТЖМ бөлімшелерінің қарамағында 1 615 дабылдық құрылғыларын орталықтандырылған іске қосу және дыбыстық хабарламаларды тарату мүмкіндігі бар 63 басқару пульті бар. Халықты құлақтандырудың мобильді кешендері еліміздің 20 өңірінің 16-сында ғана қолданылады. Цифрлық байланыс құралдарымен жарақтандыру жалпы қажеттіліктің 40,2%-ға жетеді», - деп жазылған кешенді жоспарда.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шымкентте жаңа жылдық безендіруге қанша ақша жұмсалатыны белгілі болды
Бүгін, 15:58

Шымкентте жаңа жылдық безендіруге қанша ақша жұмсалатыны белгілі болды

қосымша іс-шара өткізер болсақ, демеушілердің көмегімен өткіземіз
Қазақстан адам саудасына қарсы күрес бойынша әлем елдерінің екінші санатына кіреді
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған
Қылмыстық іске басшыдан бөлек мекеме қызметкерінің де қатысы бар

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →