×

Оңтүстік Кореяда ұшақтың есігі әуеде ашылып кетті

Ұшақ әуежайға ашық есікпен қонған

Оңтүстік Кореяда ұшақтың есігі әуеде ашылып кетті
https://adme.media/

Оңтүстік Кореяда ұшақтың есігі 213 метр биіктікте ашылып кетті, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі CNN-ге сілтеме жасап.

Әуе кемесі Тэгу қаласына бағыт алған. Ал бортта 194 адам болған. Олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Дегенмен, 9 адамды ауруханаға жатқызуға тура келген. Олар оқыс жағдайдан шошынып, сол уақытта тыныс алуы қиындаған.

Ұшақ әуежайға ашық есікпен қонды. Полиция апаттық қақпаның жанында отырған 30 жастағы ер адамнан жауап алып, тұтқаны не үшін тартып қалғанын тергеуде.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →