×

Елордалық әуежай уақытша жабылу күндерін жариялады

Мұндай жұмыстарды орындау ҰҚЖ-ны кем дегенде 4 сағатқа жабуды талап етеді

Елордалық әуежай уақытша жабылу күндерін жариялады
Ашық дереккөзден

Елордалық әуежай жұмыс уақытында ұшу-қону жолағының жабылу күндерін жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, Астана халықаралық әуежайының қызметкерлері ұшу-қону жолағын резеңке қалдығынан тазартады. Жұмыстар азаматтық авиациядағы әуеайлақты қамтамасыз ету қағидалары шеңберінде орындалатын болады.

Ережеге сәйкес, әуеайлақ қызметінің мамандары жылына екі рет ұшу-қону жолағындағы резеңке қалдықтарын алып тастауға міндетті. Мұндай жұмыстарды орындау ҰҚЖ-ны кем дегенде 4 сағатқа жабуды талап етеді.

Сонымен қатар, ұшу-қону ең аз орындалатын күндер алдын ала анықталды. Бұл - 31 мамыр мен 7 маусым күндері сағат 13:20-дан 17:20-ға дейінгі уақыт.

Айтпақшы, резеңке қабаттарын кетіру жұмыстары арнайы сұйықтық пен щетка арқылы жүзеге асырылады. Резеңке қабаттарын алып тастау әуежайларда жоспарлы жұмыстар болып табылады және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында орындалады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Сара Алпысқызы Болат Назарбаевтың қасына жерленген болуы мүмкін - БАҚ
Бүгін, 21:54

Сара Алпысқызы Болат Назарбаевтың қасына жерленген болуы мүмкін - БАҚ

Шамалған ауылындағы Назарбаевтар әулетінің қорымында жаңа қабір пайда болғаны белгілі болды
Ол үшінші тұлғаға 2 000 гектардан астам жерді сатып жіберген
Сот компанияны өтемақы төлеуге міндеттеді. 
2025 жылы зиянкестермен күреске республикалық бюджеттен 7,1 миллиард теңге бөлінді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →