×

Мен де бір кездері Назарбаевқа табынғанмын –  Ермұрат Бапи

Мен де бір кездері Назарбаевқа табынғанмын –  Ермұрат Бапи

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи «Сұрауы бар» YouTibe арнасына берген сұхбатында Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев құрған жүйеге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

«Қоғамда Назарбаевқа қатысты әр түрлі пікір айтылып жүр. «Назарбаевтың еңбегін де ескерейік» де табылады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қазіргі «Егемен Қазақстан» сол кездегі «Социалистік Қазақстанда» жұмыс істеп жүрдім. Шын мәнінде ол тұста Назарбаевқа табынған болатынмын. Түркияға алғаш сапар жасағанында бірге бардық. Сөйлеген сөзіне, ерік-жігеріне тәнті болдық. Бірақ билік ұзақ отырған адамды құртады. 30 жыл тапжылмай айырмаған соң, өзін пайғамбар, құдай санап кетеді», - дейді Ермұрат Бапи.

Ол Назарбаев халықтың рухын сындырып, ерік-жігерін құртты деп отыр.  Гендік тұрғыдан берілген батырдық қасиетін таптап тастаған деп санайды.


«Бұл үлкен қасірет, үлкен күнә. Елді тарлан-таражға салды. Біреуді соттады, екіншісін атқызды. Мұның бәрі айтылып жатыр. Таразылай келгенде плюсінен минусі көп. Тұтыну тауарларының 95 пайызы шетелден келеді. Осындай кіріптар, мұқтаж мемлекетке айналдырды. Біреулер үшін «елбасы» саналатын Назарбаевқа халық қошеметпен қарайды деп айта алмаймын. 7,5 миллион халықтың кредиті бар.  Азаматтар жоқшылықтан осындай қадамға барды. Аспаннан ешкім келіп осылай істеген жоқ. Бұл – Назарбаевтың жүйесі. Мұны қалай жоққа шығарасың?» - дейді депутат.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →