×

Назарбаевтың күзетшісі Шишигинаның орнына Спорт комитетінің төрағасы болды

Назарбаевтың күзетшісі Шишигинаның орнына Спорт комитетінің төрағасы болды

Қорғаныс министрлігіне қарасты Орталық спорт клубының бастығы ауысты.  Ел арасында ЦСКА деп аталатын құрылымға жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Нұрсұлтан Назарбаев ел президенті болған тұста Мемлекеттік күзет қызметінде еңбек еткен Арман Әбеуов енді  Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің төрағасы – Орталық спорт клубының бастығы болды.
Арман Әбеуов 1982 жылы қазіргі Ұлытау облысында дүниеге келген.  Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген. Мемлекеттік күзет қызметінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.
Қарулы Күштерде Қорғаныс министрлігінің спорттық-бұқаралық жұмысты ұйымдастыру бөлімінің бастығынан спорт комитеті төрағасының орынбасарына дейінгі лауазымдардан өтті.
Арман Әбеуов – самбодан үш дүркін әлем кубогының иегері, дзюдодан Азия чемпионы, самбодан, дзюдодан және қазақ күресінен он дүркін Қазақстан чемпионы. «Қазақстан барысында» бір кездері жартылай финалға дейін жеткен. 
Бұған дейін бұл қызметті жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ольга Шишигина атқарған.
Былтыр күзде орталық қызметкерлері Ольга Шишигина тағайындалғалы бері ұжымда ұлтаралық араздық күшейе түскенін айтып шағымданған болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Түркістанда 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті
Кеше, 17:42

Түркістанда 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті

Жергілікті өнерпаздардың қатысуымен концерт ұйымдастырылды
Енді мемқызметшілердің жалақысы үш жылда бір өсіп отырады
Өңірде 5900-ден астам бейнебақылау камерасы жұмыс істейді, оның ішінде 300 камера бейнеаналитика жүйесімен жабдықталған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →