×

Еуропаның 15 елінен келген 20 қазақ ұйымдарының басшылары Кельнде басқосты

Қазақстанда қарқынмен жүргізіліп жатқан саяси реформалар туралы айтылды

Еуропаның 15 елінен келген 20 қазақ ұйымдарының басшылары Кельнде басқосты
Ашық дереккөздерден

Германияның Кельн қаласында басталған Еуропа қазақтарының құрылтайы аясында Еуропа елдеріндегі қазақ диаспорасының жетекшілерімен кездесу өтті, деп хабарлhttp://Qaz365.kz.айды Qaz365.kz.

Бұл келелі кездесуге Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, «Отандастар» қорының президенті Абзал Сапарбекұлы, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімі Ерлан Құсайынов және Австрия, Бельгия, Германия, Дания, Испания, Нидерланды, Венгрия, Польша, Түркия, Финляндия, Франция, Швейцария, Швеция, Ұлыбритания  елдеріндегі қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.

Кездесуде сөз алған Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі М.Отарбаев Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ыстық ықыласын жеткізіп, Қазақстанда қарқынмен жүргізіліп жатқан саяси реформалар туралы егжей-тегжейлі айтып берді. 

«Алдымен Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сіздерге деген зор ықыласы мен ыстық сәлемін жеткізгім келеді. Біздің ең үлкен байлығымыз – бірлік пен ынтымақ. Шетелде бір мемлекетте бірнеше қор мен қауымдастық барына біз қуанамыз. Ешкім ешкімге бәсекелес, не бақталас емес. Қайта ондай қауымдастықтардың көбейгені, олардың әр салада жұмыс атқарғаны көңілімізді қуантады. Сіздердің атқарған жұмыстарыңыз біздер үшін үлкен абырой, зор мәртебе. Әр мемлекеттің саяси елшісі болады. Сондай-ақ, халық елшісі деген ұғым тағы бар. Сіздер – халықтың елшісіздер. 
Елімізде жаңа бетбұрыс жасалып, оң өзгерістер орын алып отыр. Әлемде болып жатқан өзгерістерді көріп отырсыздар. Дегенмен Қазақстан көпбағдарлы ұстанымнан айнымай, барлық мемлекетпен тең араласа отырып, сіздердің – шетелдегі қазақтардың өмірінің жақсаруына қалайша ықпал ете аламыз деген талапты алдына қойып отыр. Президенттің сіздерге деген ықыласы ерекше. Мемлекет басшысы Германия елінде басталған бүгінгі Құрылтайға сәттілік тілеп, арнайы құттықтауын жолдады. Шетелде жүрсеңіздер де, ұлттық құндылықтарымызды сақтау үшін бар мүмкіндіктеріңізді сарп етіп, жұмыс істеп жатырсыздар. Біз мұны өте жоғары бағалаймыз. Біз үнемі сіздерге тілеулеспіз. Әркез қолдау көрсетуге дайынбыз. Сіздерге табыс тілейміз!» 
– деді Мәлік Отарбаев өз сөзінде.
 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда адам саудасына қатысты 197 қылмыс тіркелді
Бүгін, 13:19

Қазақстанда адам саудасына қатысты 197 қылмыс тіркелді

Қазақстан адам саудасына қарсы күрес бойынша әлем елдерінің екінші санатына кіреді
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған
Қылмыстық іске басшыдан бөлек мекеме қызметкерінің де қатысы бар
20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →