×

Әулиеата өңірінде тағы бір көне қаланың орны табылды

Мамандар құнды заттарға толы мекенді әлі бір зерттемек

Әулиеата өңірінде тағы бір көне қаланың орны табылды
24.kz

Тарихы терең Әулиеата өңірінде тағы бір көне қаланың орны табылды. Археологтар 600 гектар аумақты алып жатқан шаһар Түркі қағанатына тиесілі болған деп отыр. Бұл туралы Qaz365.kz тілшісі Хабар 24 арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазба жұмыстары 20 күн бұрын Жамбыл ауданындағы Құмтиын ауылының маңында басталған. Мамандар мұнда 6-12 ғасыр аралығына тән, биіктігі 12 метрге дейін жететін Қаракемер қаласы болғанын анықтады. Әзірге көне шаһар аумағынан бірнеше бөлмелік үйлер мен қыш құмыралар, жан-жануарлардың сүйегі және ошақ орны табылды. Тарихи жәдігерлерге қарап, қалашықта егін мен мал шаруашылығының жақсы дамығанын аңғаруға болады. Археологтарды 1200 градус температурада балқыған шынылардың шыққаны таңғалдырды. Мамандар құнды заттарға толы мекенді әлі бір зерттемек.

 «Төрткүлтөбе 1-де көлемі 11/12 метрлік қазба жұмыстары жүргізілді. Нәтежесінде бірнеше бөлме орындары анықталды. Бұл жерде ұзындығы 15 метрден асатын, қабырғасы, былайша айтқанда, құрылыстың кесік дейді ғой, қимасын анықтау мақсатында қазір тазалау жұмыстары жүргізіліп зерттерліп жатыр», - дейді археолог Ералы Ақынбек.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады
Кеше, 17:34

Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады

Конкурс комиссиясының мүшелері «Балқаш» атауын бірауыздан қолдады
Шараның негізгі мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениетті дамыту
Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47,4 пайызға жоғары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →