×

«Қазақфильм» киностудиясында өрт болды

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр

«Қазақфильм» киностудиясында өрт болды

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы ғимаратында өрт болды, деп хабарлайды Qaz365.kz Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қзметіне сілтеме жасап.

«28 мамыр күні сағат 12.22-де Бостандық ауданы, әл-Фараби даңғылы, 176 мекенжайындағы «Қазақфильм» АҚ-да декорациялар дайындайтын ағаш цехінде жұмыс үстелдері, құрал-саймандар мен терезе жақтаулары жанып кетті. От шарпыған аумақ - шамамен 10 шаршы метр. Жалынның таралуы 12.40-та оқшауландырылып, 12.42-де толығымен ауыздықталды.

Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», - делінген ТЖД ақпаратында.

Мәлім етілгендей, өрттің таралу қаупі болған жоқ.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →