×

Қайрат Сатыбалды түрмеде қалай отыр

Желіде оны түрмеде "сындырып" жатыр деген ақпарат тарады

Қайрат Сатыбалды түрмеде қалай отыр
ашық дереккөзден

Интернетте экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Қайрат Сатыбалдыға колония қабырғасында физикалық қысым көрсетіліп, моральды тұрғыдан «сындырып» жатқаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚазТАГ-қа сілтеме жасап. 

Хабарлама авторы Назарбаевтың інісін «Қазақстан салафиттерінің көшбасшысы» деп атаған. Түрмеде Қайрат Сатыбалды отырған камераға тағы екі тұтқынды орналастырған. Олардың басты тапсырмасы – Қайрат Сатыбалдыға физикалық қысым көрсету, моральды тұрғыдан «сындыру». Хабарлама авторларының айтуынша, осындай әрекеттер арқылы Қайрат Сатыбалдының менмендігі мен тәкаппарлығын басу көзделген. 

«Кешке жанына жаңа тұтқындар камераға орналастырылған соң, ұлттық қауіпсіздіктің сотталған экс-генералы бірден колониядағы қоғамдық орындарды тазалаумен айналысты»,  –делінген хабарламада.

ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің мәліметінше, ол арыздармен жүгінбеген.

«Сотталған Қ.Сатыбалды қолданыстағы заңнамаға сәйкес,  Шығыс Қазақстан облысы бойынша түзеу мекемесінің №22 мекемесінде жалпы негізде жазасын өтеп жатыр. Басқа сотталғандарға қатысты мекеме әкімшілігіне және жоғары тұрған органдарға арыздармен жүгінбеген. Ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес, Қ.Сатыбалды басқа сотталғандармен бірге қамауда. Сотталғандар тарапынан Қ.Сатыбалдыға қатысты заңсыз әрекеттер тіркелмеген. Бірқатар мекеме сияқты бұл мекемеде де бейнебақылау жүйесі орнатылған», – деп хабарлады ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) баспасөз қызметі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті
Бүгін, 17:20

Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті

Сарапшылардың айтуынша, ЕАЭО құрамындағы басқа елдердегі жоғары инфляция аясында Қазақстан баға өсімін тежеуді жалғастырып келеді
Аталған жағдай бірінші рет тіркеліп отырған жоқ.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2025 жылдың бес айында Қазақстанда 23,8 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2024 жылғы қаңтар-мамыр - 20,3 мың тонна) 17,1% артық.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →