×

Қытаймен жеңілдетілген визасыз режим қашан басталады - СІМ жауап берді

Барлығы екі елдің мемлекеттік органдарына байланысты

Қытаймен жеңілдетілген визасыз режим қашан басталады -  СІМ жауап берді
Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қытаймен арадағы жеңілдетілген визасыз режимді енгізу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға жасаған мемлекеттік сапары кезінде тиісті келісімге қол қойылды. Осыдан кейін екі мемлекет өз ішінде қажетті заңнамалық рәсімдерді жасайды. Оған біраз уақыт керек, жарты жыл бола ма, екі-үш ай бола ма, соңында екі мемлекет ішкі рәсімдердің аяқталғанын бір-біріне хабарлайды. Содан бастап келісім заңды күшіне енеді. Барлығы екі елдің мемлекеттік органдарына байланысты. Біз өз тарапымыздан тездетуге тырысамыз. Қытай тарапынан да жауап күтеміз”, - деді Айбек Смадияров.

Оның айтуынша, енді Қазақстанда осы келісімді бекіту туралы үкімет қаулысы қабылдануы керек.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға жасаған сапары аясында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге» қол қойған болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Мәскеудегі теракт: "Крокуста" 5 мыңнан астам адам болған
25.03.2024ж. 16:42

Мәскеудегі теракт: "Крокуста" 5 мыңнан астам адам болған

Соңғы мәліметтер бойынша, шабуылдан 137 адам қаза тапты
Ғылыми орталықтың қазіргі атқарып жатқан жұмыстары жөнінде баяндалды
Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа баяндады  
Қазақстандық эстрада жұлдыздары қатысты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →