×

Қорғаныс министрлігі алғашқы хакатон жеңімпаздарын анықтады

Бағдарламалық өнімдер қорғаныс саласын ілгерілетіп, түйткілді мәселелерді шешуге қызмет етпек

Қорғаныс министрлігі алғашқы хакатон жеңімпаздарын анықтады
Gov.kz

Қорғаныс министрлігі алғашқы хакатон жеңімпаздарын анықтады, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазылар алқасы қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы “Hackaton DefTech 2.0” екі бағыты бойынша бес өтінімді қараған.

Конкурсқа қатысушыларға үш бағыт бойынша техникалық тапсырмалар ұсынылды. Іріктеу кезеңін өткізу кезінде министрлік бес өтінім алды. Оның екеуі – “deftech” веб-порталын әзірлеу бойынша, үшеуі – ЖОО-да оқуға грант алу үшін мерзімді қызметтің әскери қызметшілері арасында конкурстық іріктеу өткізуге бағдарламалық өнім жасау бойынша болған.

Сонымен қатар “тамақтану сапасын бақылау”, “заттай мүлікпен қамтамасыз етуді бағалау”, “әскери тәртіпті бағалау” модульдерін қамтитын мерзімді қызметтің курсанттары мен әскери қызметшілері арасындағы қамтамасыз етуді, әскери тәртіпті бағалау және талдау бағыты бойынша ұсыныстар әлі түспеген.

“Жыл соңына дейін біз мерзімді қызмет сарбаздарына тамақтану сапасын, заттай мүлікпен қамтамасыз етудің толықтығын және басқа да параметрлерді бағалауға мүмкіндік беретін бағдарлама бойынша хакатон өткізуге ниеттіміз. Келесі жылы біз осындай бірнеше конкурс өткіземіз. Қазір министрлікте “үй тапсырмасы” дайындалып жатыр. Мұндай шешімдерге қажеттілік айқындалуда. Біз бұл туралы сайтта техникалық тапсырмаларды жариялай отырып, нарыққа жеткіземіз, – деді Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев.

Комиссия жобалардың техникалық тапсырмаға сәйкестігін, олардың іске асырылуын және әзірлеушінің тиісті құзыреттерінің болуын қарастырды.

“Deftech” веб-порталын әзірлеу бойынша жеңімпаз Жанат Әбкенов болды. ЖОО-да оқуға грант алу үшін мерзімді қызметтің әскери қызметшілері арасында конкурстық іріктеу өткізу бойынша қазылар алқасы "Intelligent data Solutions" ЖШС бағдарламалық өнімін үздік деп санады.
Байқау әзірге жалғасып жатыр. Техникалық тапсырмалар Astana Hub сайтында орналастырылған. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Әнші Мөлдір Әуелбекова алғаш рет "Мамский әңгіме" подкастына сұхбат беріп, екі күйеуінен не үшін ажырасқанын ашып айтты
Бишімбаев алдымен мұндай бейне туралы білмейтінін мәлімдеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →