×

Оңтүстік Кореяда жүрген қазақстандықтар паспортты 30 күнде ала алады

Ол үшін қазақстандық азаматтарға Қазақстанның Пусан қаласындағы Бас консулдығына жүгіну қажет

Оңтүстік Кореяда жүрген қазақстандықтар паспортты 30 күнде ала алады
vizacons.com

2022 жылдың 28 қарашасынан бастап Корея Республикасының  аумағында “ҚР шегінен тыс жерлерде тұратын ҚР азаматтарына паспорттарды рәсімдеу” бойынша мемлекеттік қызметті электрондық форматқа көшіру бойынша “пилоттық жобасы” басталды, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған жоба ҚР сыртқы және ішкі істер министрліктерімен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы аясында жүзеге асырылуда және Қазақстанның Пусан қаласындағы Бас консулдығына жүгінген қазақстандық азаматтарға паспортты 80 күннің орнына 30 күн ішінде алуға мүмкіндік береді.

“Бүгінгі таңда электрондық құжаттандыру жүйесі Қазақстанның БАӘ (Әбу-Даби, Дубай қалалары), Германия (Берлин, Майндағы Франкфурт, Мюнхен, Ганновер қалалары), Оңтүстік Корея (Сеул, Пусан қалалары), Ресей (Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Астрахан, Омбы қалалары), АҚШ (Вашингтон, Нью-Йорк, Сан-Франциско қалалары), Түркия (Анкара, Анталья, Ыстанбұл қалалары) Өзбекстан (Ташкент қ.) мен Жапониядағы (Токио қ.) шетелдік мекемелерінде сәтті жұмыс істейді”, – делінген министрлік хабарламасында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365 редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Шымкентте ұн мен қанттың бағасы бірден қымбаттап кетті
Кеше, 15:02

Шымкентте ұн мен қанттың бағасы бірден қымбаттап кетті

Әкімдік бағаны ұстап тұру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр дейді
Ресейлік журналист Қазақстанның қазіргі және бұрынғы президенті туралы пікір білдірді
Бұрын соңды ұлттық ауыл шаруашылығы санағы бір рет қана өткізілген
Әншіге қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →