×

Токио, Сингапур, Нью-Йорк: Қазақстаннан қай қалаларға тікелей рейстер ашылады

Биыл елімізден 9 жаңа халықаралық маршрут ашылады

Токио, Сингапур, Нью-Йорк: Қазақстаннан қай қалаларға тікелей рейстер ашылады
pixabay.com

Биыл елімізден 9 жаңа халықаралық маршрут ашылады. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия жне инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Халықаралық жолаушылар авиатасымалдарын дамыту үшін 2017 жылдан бастап «open sky» режимі енгізілді, нәтижесінде жыл сайын жаңа халықаралық маршруттар ашылуда. Бүгінгі күні 27 елге 103 авиамаршрут бойынша халықаралық тасымалдарды 3 отандық, 26 шетелдік авиакомпания орындайды, бұл пандемияға дейінгі көрсеткіштерден жоғары», - деді Марат Қарабаев.

Министрдің атап өтуінше, осы биыл 18 жаңа маршрут ашу жоспарланып отыр. Оның 9-ы ашылды.

«Жыл соңына дейін Доха, Куала-Лумпур, Анкара, Карачи, Лахор, Джидда, Маскат, Прага және Тель-Авивке тағы 9 жаңа халықаралық маршрут ашылады деп жоспарлап отырмыз. 2025 жылға дейін Мумбай, Гонконг, Вена, Токио, Сингапур, Нью-Йорк және басқа қалаларға рейстерді ашу көзделуде», - деді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті
Бүгін, 17:20

Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті

Сарапшылардың айтуынша, ЕАЭО құрамындағы басқа елдердегі жоғары инфляция аясында Қазақстан баға өсімін тежеуді жалғастырып келеді
Аталған жағдай бірінші рет тіркеліп отырған жоқ.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2025 жылдың бес айында Қазақстанда 23,8 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2024 жылғы қаңтар-мамыр - 20,3 мың тонна) 17,1% артық.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →