×

Енді көлікке VIP-мемлекеттік нөмірді онлайн сатып алуға болады

Өткен жылы автокөлік иелері шамамен 6 млрд теңгеге VIP-нөмірлер сатып алған

Енді көлікке VIP-мемлекеттік нөмірді онлайн сатып алуға болады
elorda.info

Қазақстандықтар үшін сұранысқа ие қызметтердің бірі "беделді" нөмірлерді сатып алу болып отыр. Өткен жылы автокөлік иелері шамамен 6 млрд теңгеге VIP-нөмірлер сатып алған, - деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Осындай нөмірлерді сатып алуды қолжетімді ету үшін ІІМ оларды таңдау және брондау бойынша тиісті сервис әзірледі. Бұл сервис Цифрлық даму министрлігінің "Smart Bridge" сервистер витринасында орналастырылған.

Сервис мемлекеттік қызметтерді көрсетуге арналған барлық интеграциялық платформада, оның ішінде екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларында да қолжетімді. Сонымен қатар, азаматтарға ыңғайлы болу үшін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган осы қызметті еGov.kz электрондық үкімет порталындағы жеке кабинеттерге шығару мәселесін пысықтап жатыр.

Былтырғы талдауға сәйкес, бұл жыл сайын 20 мыңнан астам азаматқа мобильді қосымшалар арқылы, ХҚКО-ға бармай-ақ, автокөліктерді тіркеу кезінде онлайн-режимде "беделді" нөмірлерді таңдауға және брондауға мүмкіндік береді. ІІМ мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру және процестердің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Байжановтың телефонынан Бишімбаевтың "өсиеті" табылды
Кеше, 17:27

Байжановтың телефонынан Бишімбаевтың "өсиеті" табылды

Бишімбаев алдымен мұндай бейне туралы білмейтінін мәлімдеді
Мемлекет басшысы Қостанай облысына жұмыс сапары барысында су тасқыны салдарын еңсеруге жәрдемдескен бизнес өкілдерімен және еріктілермен жүздескен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →