×

Алматыда мектеп директорларын әр қызметкердің салық декларациясын тапсыруға міндеттеп жатыр

Түсіндіру жұмыстары жүріп жатқанымен, кейбір жоғары және орта оқу орындарының қызметкерлері осы күнге дейін міндетті декларацияны тапсырмаған

Алматыда мектеп директорларын әр қызметкердің салық декларациясын тапсыруға міндеттеп жатыр
Фото: tzp71.ru

Qaz365.kz порталына мектеп директорларының шағымы келіп түсті.

Алматыда мектеп директорлары әр қызметкердің салық декларациясын тапсыруға мәжбүр. Олар өз міндетіне жатпайтын жұмысты жүктегеніне наразы.
Мәселенің мәнісі мынада: Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жалпы декларациялаудың екінші кезеңі шеңберінде 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап білім саласындағы мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлерін активтері жөнінде 250.00 формасы бойынша декларация тапсыруға міндеттеген. Түсіндіру жұмыстары жүріп жатқанымен, кейбір жоғары және орта оқу орындарының қызметкерлері осы күнге дейін міндетті декларацияны тапсырмаған.
Осыған байланысты биыл 5 маусымда әлеуметтік желілерде Алматыдағы қызметкерлері декларация ұсынбаған жоғары және орта оқу орындарының антирейтингі жарияланады. МКД құрылымдық бөлімшелеріне аталған ақпаратты жоғарыда аталған мекеме басшыларының назарына жеткізіп, білім беру қызметкерлерінің демалыс маусымының басталуына байланысты түсіндіру жұмыстарын күшейту тапсырылған.
Сондықтан директорлар үшін әр қызметкердің салық декларациясын тезірек шешуге мәжбүр болған схеманы іске қосқан сияқты. Алайда директорлар бұған наразы болып отыр.
Айта кетсек, бүгін Мәжілісте қаралған мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік жүйелерінің жай-күйі туралы өткен үстелде де заң шеңберінде мектеп директорларының жауапкершілігін күшейту мәселесі талқыланған еді. Алайда депутаттар бұған қарсы өре түрегелді. Мәселен, мәжілісмен Ринат Зайытовтың айтуынша, мектептегі өрт қауіпсіздігін толық қамтамасыз етуге бір ғана мектеп басшылығының шамасы жете бермейді. 

«Мемлекеттік мекемені басқарған мен оны жақсы білемін. Ол үшін қосымша қаражат керек. Ал қаражат болмаса, өрт қауіпсіздігі қамтамасыз етілмесе, айналып келіп директорға айыппұл салады. Бұл дұрыс емес», – дейді Ринат Зайытов.

Ал тағы бір депутат Жұлдыз Сүлейменова баланың қауіпсіздігіне жалғыз директор емес, ата-ана да жауапты екенін айтады.

«Бүгін Оқу-ағарту министрлігі бұл бағытта бізге мектеп басшылығының дербес жауапкершілігін күшейтуді ұсынып жатыр. Меніңше, іске олай қарауға болмайды. Мектепте қазір бір олқылық табылса, дереу мектеп басшысына айыппұл салынады. Ол айыппұл 680 мың теңге аясында. Мектеп директорының айлығы 280-300 мың теңге шамасында. Бұл – жемқорлық тәуекелі. Айыппұлды мектеп бюджетіне енгізу керек. Екі рет бұл ұсыныс өтпей қалды. Әділет министрлігіне қазір осы ұсынысты дайындап жатырмыз»,  –  дейді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бишімбаевтың отбасын «қаралаған» журналистерді адвокаты сотқа бермек
Бүгін, 18:21

Бишімбаевтың отбасын «қаралаған» журналистерді адвокаты сотқа бермек

Бишімбаевтың адвокаты журналистердің сұрақтарына жауап берді
Жер дүмпуінен зардап шеккендер мен қираған нысандар жоқ
Ол Алқабилерден шешім қабылдамас бұрын ойлануларын сұрады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →