×

«Жалған қызметкерлерге ақша аударған»: Алматыда аса ірі көлемде бюджет қаражатын ұрлаған дәрігерлер сотталды

Олар мемлекетке 79 миллион теңгеден астам шығын келтірген

«Жалған қызметкерлерге ақша аударған»: Алматыда аса ірі көлемде бюджет қаражатын ұрлаған дәрігерлер сотталды
Ашық дереккөздерден

Алматыда емхана қызметкелеріне сот үкім шығарды. Медеу ауданының №2 аудандық сотының мәліметінше, емхана қызметкерлері аса ірі мөлшерде жымқыру арқылы бөтеннің мүлкін ұрлаған. Қылмыстық іс қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша қаралды.

«2015 жылғы сәуір – 2022 жылғы наурыз айларының аралығында емхананың бас дәрігері К. мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлға бола отырып, бас бухгалтер Н. және кадрлар бөлімінің инспекторы С.-мен алдын ала қылмыстық келісім орнатып, іс жүзінде жұмыс істемейтін 19 тұлғаны қызметке тағайындау туралы бұйрықтарды рәсімдеу жөніндегі іс-әрекеттерге басшылық еткен. Ресми түрде рәсімделген қызметкерлердің шоттарына ай сайын еңбекақыны есептеп, аударып отырған, кейіннен оны өз меншігіне айналдырып, өз қажеттіліктеріне жұмсаған», - деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі. 

К., С., Н. құқыққа қайшы әрекеттері арқылы мемлекетке 79 миллион теңгеден астам шығын келтірген. Сот жаза тағайындау кезінде жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, кінәлілердің жеке басын, оның ішінде олардың қылмыс жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез құлықтарын ескерді. Соттылықтың болмауы, С., Н.-нің залалды ішінара өтеуі секілді жеңілдететін жағдайлар ескерілді.

«Залалды өтеу шараларын ескере отырып, екі тұлға 7 жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айырылды, С.-ға 5 жыл мерзімге материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айыру түрінде қосымша жаза тағайындалды, Н. 5 жыл мерзімге бухгалтерлік қызметпен айналысу құқығынан айырылды. Сот бас дәрігер К.-ға 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, ол орта қауіпсіздік ҚАЖ мекемесінде жазасын өтейді. Сондай-ақ мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды», -делінген хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Бүгін, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →