×

Асыраушысынан айырылғандарға жәрдемақыны көтеру туралы Үкімет қаулысы шықты

2023 жылғы 1 шілдеден бастап беріліп отырған әлеуметтік төлемдер мөлшерінен 14,5 пайызға арттыру жүргізілсін

Асыраушысынан айырылғандарға жәрдемақыны көтеру туралы Үкімет қаулысы шықты
Ашық дереккөздерден

Премьер-Министр Әлихан Смайылов «Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтiк төлемдердің мөлшерлерін 2023 жылғы 1 шілдеден бастап арттыру туралы» Үкімет қаулысына қол қойды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

«2023 жылғы 1 шілдеге дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша тағайындалған әлеуметтік төлемдердің мөлшерін 2023 жылғы 1 шілдеден бастап беріліп отырған әлеуметтік төлемдер мөлшерінен 14,5 пайызға арттыру жүргізілсін», - делінген Үкімет басшысы қол қойған қаулыда.

Еске салайық, 29 наурызда VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке 1 қыркүйектен бастап асыраушысынан айырылған азаматтардың жәрдемақысын 14,5% арттыруды тапсырған болатын.

Араға бір күн салып, Президент тапсырмасын орындау мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Үкімет қаулысының жобасын әзірлеп, көпшілік талқыға шығарды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →