×

Депутат «Қаңтар оқиғасында» ҰҚШҰ әскері қандай заңсыз әрекеттерге барғанын сұрады

Бүгін Мәжіліс Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына қатысты 3 заң қабылдады

Депутат «Қаңтар оқиғасында» ҰҚШҰ әскері қандай заңсыз әрекеттерге барғанын сұрады
AP

Бүгін Мәжіліс Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына қатысты 3 заң қабылдады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Төменгі палатадағы заң жобасын талқылау кезінде депутат Ерболат Саурықов қаңтар оқиғасы кезінде Қазақстанға келген ҰҚШҰ әскерінің тәртіп бұзушылықтары туралы сұрады.

«Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бітімгершілік күштерінің ең алғашқы қолдану тәжірибесі 2022 жылы қаңтарда Қазақстанға орын алғаны баршаңызға белгілі. Айтыңызшы, осы бірнеше күн ішінде елімізде ҰҚШҰ-ға мүше елдердің әскерлері тарапынан біздің азаматтарымызға қатысты заңсыз әрекеттер немесе басқа да құқық бұзушылық мәселесі болды ма? Болса, қандай шара қолданылды?» –  деді Ерболат Саурықов.

Бұл сауалға жауап берген Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов қаңтар оқиғасы кезінде Қазақстанға келген ҰҚШҰ контингенті тарапынан құқық бұзушылықтар болмағанын айтты. 

«Олар мандатқа сәйкес, тек стратегиялық нысандарды ғана қорғады, ешқандай іс-қимылға қатысқан жоқ. Сол контингенттің әскерлері бірде-бір оқ атқан жоқ», - дейді Сұлтан Қамалетдинов.

Министрдің орынбасары сонымен қатар журналистердің «Заң аясында Қазақстан Ресейге әскер жіберуі мүмкін бе?» деген сұрағына да жауап берді.

«Ресей әскер сұраса, оны (әскер жіберуді) тек қана Парламент мақұлдауы керек. Парламент мақұлдаса, жібереміз. Біз мұндай сұрақтарға жауап бермейміз, тек Қорғаныс министрлігі құзыретті сұрақтарға жауап береміз. Парламент пен Мемлекет басшысына қатысты сұрақтарға жауап бермейміз», - деді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті
Бүгін, 17:20

Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті

Сарапшылардың айтуынша, ЕАЭО құрамындағы басқа елдердегі жоғары инфляция аясында Қазақстан баға өсімін тежеуді жалғастырып келеді
Аталған жағдай бірінші рет тіркеліп отырған жоқ.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2025 жылдың бес айында Қазақстанда 23,8 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2024 жылғы қаңтар-мамыр - 20,3 мың тонна) 17,1% артық.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →