×

Маралды халқының ащы дауысын естіп жатқан ешкім жоқ па: Ринат Зайытов дабыл қақты

Депутат Маралды мен Аягөз өзендерінің суының күрт төмендегеніне алаңдаулы

Маралды халқының ащы дауысын естіп жатқан ешкім жоқ па: Ринат Зайытов дабыл қақты
Коллаж: Qaz365.kz

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға жолдаған депутаттық сауалында Маралды және Аягөз өзендерінің су деңгейінің төмендеп бара жатқанын айтып, дабыл қақты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Өзіңіз білетіндей еліміздегі көлдер мен өзендердегі су деңгейі соңғы жылдарда күрт төмендеп жатыр, ал осылардың себебін анықтап, алдын-алу әрекеттерін жасап жатқан жауапты органдарды өз басым әлі көрген емеспін. Сөзіме дәлел болатын көрсеткіштер Қазақстан Республикасының экология және табиғи ресурстар министрлігінде толықтай бар. Ал енді, осы мәселе бойынша жергілікті халықтың алаңдап шыққан ащы дауысын естіп жатқан ешкім жоқ па?” – деді депутат. 

Зайытов Шығыс Қазақстан облысындағы Маралды ауылының маңынан бірнеше талаптарды өрескел бұзып, жұмыс жүргізгелі жатқан алтын өндіруші фабрикаларын салуға жергілікті халықтың қарсы екенін, бірақ олардың үніне құлақ асып жатқандардың жоқ екенін айтты.

Сондай-ақ Абай облысындағы Аягөз өзені су деңгейінің 2018 жылмен 2022 жылдар аралығындағы жоғарғы көрсеткіші Балтық жүйесі бойынша 558 см-ден 162-смге төмендегенін айтып өтті.

“Бұған да жауап бере алатындарыңызға күмәнім бар. Өйткені, Аягөз ауданында эколог маманы да жоқ.

Құрметті Роман Васильевич! Аталған дәлелдерді алға тарта отырып, Сізден:

  1. Аягөз және Маралды өзендеріндегі су деңгейінің төмендеуі мен ластануының себептерін анықтайтын комиссия құруды;
  2. Аталған Комиссияның жұмысына барынша көмек көрсетуді қарастыруыңызды сұраймын”, – деп қорытындылады депутат.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Оның өмір жолы – барша қазақстандықтар үшін үлгі
Бұл күні акцияға қатысушылар 200-ден астам ағаш көшеттерін отырғызды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →