×

Авиацияда жұмыс істеу нені талап етеді

ТЖМ ұшқыштары соңғы 5 жылда әуеге 11 мыңнан аса көтерілген

Авиацияда жұмыс істеу нені талап етеді
ТЖМ баспасөз қызметі

ТЖМ ұшқыштары соңғы 5 жылда әуеге 11 мыңнан аса көтеріліп, мыңдаған адамды құтқарып, отқа оранған жүздеген нысанды өшірген. Аспанда ұшақпен ұшудың өзіндік қызығы көп, күн өткен сайын зеңгір көк өзіне баурап, ұшқың келіп тұрады. Авиацияда жұмыс істеудің ерекшеліктері мен қиындықтары жайлы Ми-8АМТ әуе кемесінің командирі Ержан Базаров айтып берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Төтенше жағдай кезінде жедел әрі тиімді әрекет ету үшін елімізде «Қазавиақұтқару» — Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің авиациясы құрылды.

Авиацияда жұмыс істеу оңай шаруа емес. Үнемі ұшуға дайындалу, физикалық әрі психикалық дайындықпен қатар, шет тілін жақсы білу қажет. 
ТЖМ авиациясында 2020-2029 жылдарға арналған «Қазавиақұтқару» даму бағдарламасы бекітілді, оған сәйкес 58 бірлік әуе кемесін сатып алу көзделген. Бағдарлама аясында 2020-2021 жылдары ТЖМ 10 тікұшақ сатып алды: 2 Н-130 тікұшағы, 2 әуе кемесі және 6 Ми-8АМТ.

Қазіргі таңда әуе паркі 34 әуе кемесінен тұрады, оның арасында жеңіл, орта және ауыр класты тікұшақтар бар. Төтенше жағдай болған жерге әуеден қолдау мен жедел көмек көрсету үшін ТЖМ күштері мен 14 ірі қалада орналасқан тікұшақтар базасы бар. Атап айтсақ, Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Жезқазған, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Талдықорған, Тараз, Орал және Өскемен.

Мамандық таңдау, қызметтің ерекшелігі мен есте қалған әуеге ұшу жайлы толығырақ Ми-8АМТ әуе кемесінің командирі Ержан Базаров айтып берді. 

“80-ші жылдары біздің ауылдағы балалардың тең жарымы ұшқыш, жартысы теңізші болғысы келді. Футбол ойнаған кезде де біз теңізшілер мен ұшқыштар деп бөлінетінбіз. Барлық командалық жарыста солай бөлініп ойнадық. Мен тікұшақ ұшқышын таңдадым. Ғұмырының 30 жылын авиацияға сарп еткен, ұшатын құрылғының 120 түрін игерген сынақшы-ұшқыш Юрий Гарнаевтың «Проверено на себе» кітабы бар. Бастауыш сыныпта сол кітап менің қолыма түсті”, - дейді ұшқыш. 

Ержан Оралханұлы 1988 жылы Кременчуг Халықтар Достығы орденінің азаматтық авиация ұшу училищесін бітіріп, Ми-8Т, МТ, МТВ тікұшағымен ұшты. Әуе кемесінің командирі қазір АМТ пайдаланып жүр, бұл МТ модификациясы, ТЖМ-де Ми-8 тікұшақтары көп екенін, сондықтан құтқарушылар сол әуе көлігін таңдағанын айтады. 

“Ең есте қалған аспанға ұшу 2022 жылдың қыркүйек айында болды, біз Қостанай облысындағы өртті өшірдік, оған алты борт атсалысты, біздің топ үшін бұл үлкен тәжірибе, бұған дейін орман өртін сөндіруге қатысып көрген жоқпыз. Ұшқыштың жұмысындағы қиыны әрі ең бастысы – талдау, ұшпас бұрын метеорологиялық жағдайды талдаймыз, әуе кемесін тексеріп қараймыз, ұшуға дұрыс шешім қабылдау, осы факторлардың барлығы іргелі әрі ең күрделі іс”, - дейді Ержан Базаров. 

Биылғы 1-тоқсанда ТЖМ авиациясы 508 рет ұшып шықты, әуеде ұшу 1000 сағаттан асады. Санитарлық авиация желісі бойынша 82 науқас тасымалданды.

«Қазавиақұтқару» әуе компаниясы қызметінің басты міндеті – ұшу қауіпсіздігі мен адамдарды құтқару болып қала береді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Салтанаттың ағасы Айтбек кәсіпкер Райымбек Баталовқа қатысты мәлімдеме жасады
Кеше, 09:37

Салтанаттың ағасы Айтбек кәсіпкер Райымбек Баталовқа қатысты мәлімдеме жасады

Ол Бишімбаевтың Салтанатпен сөйлескен видеосының аудиосын жариялады
Бүгін блогер 24 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесіне қатысып, сот залына кірді
Жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтан жауап алды
Байжанов Бишімбаевтың жанында тұрып, телефонның ар жағындағы әңгімені естігенін айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →