×

Қарағандылық фермерлер мал азығына берілетін субсидияға қол жеткізе алмай отыр

Ертең шағын және орта шаруа қожалық иелеріне мал азығын дайындауға бөлінетін субсидияға онлайн тапсырыс ашылады

Қарағандылық фермерлер мал азығына берілетін субсидияға қол жеткізе алмай отыр
Ашық дереккөздерден

«Тура автонесие сияқты». Қарағандылық фермерлер мал азығына берілетін субсидияға қол жеткізе алмай отыр. Шағын және орта шаруа қожалық иелері дабыл қағуда. Олар күні ертең ашылатын онлайн тапсырыс беру жүйесіне де, жалпы субсидия көлеміне де наразы, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Астана арнасына сілтеме жасап.

Ертең шағын және орта шаруа қожалық иелеріне мал азығын дайындауға бөлінетін субсидияға онлайн тапсырыс ашылады. Бірнеше минутта немесе тіпті бірнеше секундта 400 млн теңгені 6 мыңнан астам фермер бөліспек. Көптеген ауылда интернет нашар.Сондықтан кімге қанша тиеді? Оны ғаламтордың жылдамдығы шешеді.

Ауыл кәсіпкерлері қала, аудан орталықтарына барып арнайы мамандардың көмегіне жүгінеді. Хакер іздегендер де бар. Олар сондай-ақ, субсидия көлемінің аздығына наразы. Қарағанды облысында төрт түліктің ішінде тек сиырдың азығына субсидия беріледі. Оның өзінде тапсырысқа 2 жүз ірі қарасы барлар ғана қатыса алады.

Мал азығына субсидияны жергілікті әкімдік облыс бюджетінен бөледі. Ауылшаруашылығы басқармасының мәліметінше, бұл сома қазынадағы қаржының көлеміне байланысты. Биыл жем- шөп дайындауға ертең берілетін 400 млн теңгеден басқа тағы сонша сома тамыз айында бөлінеді дейді.

 «400 млн қарастырылып отыр. Ертең маусым айының бірінен бастап субсидия төленеді толық. Осы қарастырылып отырған қаражат 200 бас ірі қара ұстап отырған шаруашылықтардың барлығына жетеді. Бізде қолда бар малдың сосын оның өсімін жоспарлап есептеліп отыр», - деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Сырым Бошпанов.

Былтыр шаруалар қуаңшылықтан әрең шыққан болатын. Өңірде мал азығы қымбаттады. Биліктегілер мәселені қуаң жерлерді игеру, көп жылдық шөп егумен шешуді қолға алды. Алайда жайылым тапшылығы тағы бар. Сондықтан фермерлер субсидияны көбейту арқылы ғана шеше алатындарын айтады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Арабша жазуы бар ерекше дизайндағы 1000 теңгелік монеталар айналымға шықты
Бүгін, 11:16

Арабша жазуы бар ерекше дизайндағы 1000 теңгелік монеталар айналымға шықты

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған
Қылмыстық іске басшыдан бөлек мекеме қызметкерінің де қатысы бар
20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →