×

Енді елімізде Аналар және Әкелер күні мерекесі бөлек аталып өтеді

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды

Енді елімізде Аналар және Әкелер күні мерекесі бөлек аталып өтеді
Ашық дереккөздерден

Енді елімізде екі мейрам – Аналар және Әкелер күні мерекесі бөлек-бөлек аталып өтеді. Үкімет басшысы Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Құжатта бекітілгендей, Аналар күні – мамырдың екінші жексенбісінде, ал Әкелер күні маусымның үшінші жексенбісінде мерекеленеді.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мәліметінше, аталған мерекелік күндерді бекіту еліміздегі отбасы институтын нығайтуға ықпал етпек.

«Мерекелік күндердің тізбесіне «Аналар күні» және «Әкелер күні» мерекелерін енгізу Қазақстандағы отбасылық құндылықтарды ілгерілетуге, отбасы институтын нығайтуға, сондай-ақ әкелер институтын дамытуға ықпал етеді. Мұндай мереке көптеген әлем елдерінде бар», - делінген министрліктің Telegram-арнасында жарияланған хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
БҰҰ: Газа секторын қалпына келтіру ондаған жылға созылуы мүмкін
Бүгін, 10:42

БҰҰ: Газа секторын қалпына келтіру ондаған жылға созылуы мүмкін

Қазір Газада 55 миллион тоннадан астам құрылыс қалдығы жиналып қалған
Бұл – Қазақстан мен Ресей басшыларының алдағы сапар жөнінде үшінші рет пікір алмасуы
Ұлттық экономика вице-министрінің айтуынша, бұл кәсіпкерліктің күйреуі емес
Бензин бірден бес теңгеге қымбаттады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →