×

Рәміздер күні: Созақта 20 жыл бұрын мектеп бітірген түлектер Рәміздер алаңын салып берді

Рәміздер күні: Созақта 20 жыл бұрын мектеп бітірген түлектер Рәміздер алаңын салып берді

Созақта 20 жыл бұрын мектеп бітірген түлектер Рәміздер алаңын салып берді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Созақ ауданындағы түлектердің тартуы ауыл тұрғындарын қуанышқа бөледі. «Созақ» мектеп гимназиясын 20 жыл бұрын бітірген түлектер ауылға кіре берістегі саябақ алдына Рәміздер алаңын салып берді. 23 метр биіктікке Мемлекеттік Ту орнатылды және Елтаңба мен Қазақстан картасы бейнеленіп, Әнұран мен ауыл тарихы жазылған үлкен белгі қойылды. Аллея аумағы абаттандырылып, шырша егілді.

photo

 

photo

«Рәміздер алаңы жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуге үлкен үлесін қосады деп сенемін. Алдағы уақытта мұнда көптеген іс-шаралар өтетін болады. Барша сыныптастар бірігіп, ортадан қаржы жинадық. Жалпы 10 млн теңгеге жуық ақша жұмсалды. Игі іске ауыл жастары Жасұлан Нысанбаев, Нұралы Темірәлиев, Ғабит Алпамысов, Нұрымбет Әметов, Мұрат Қаракеев, Жеңіс Көлшікбаев, Орал Сүлейменов және өзге де жігіттердің қосқан үлесі көп. Ауыл мектебіне де түлектердің тартуы ретінде үлкен орындық сыйладық», – дейді игі істі ұйымдастырушылардың бірі Роман Мақұлбаев.

Айта кетейік, бұдан бұрын түркістандық түлектер 6 отбасына тұрғын үй салып берген болатын.

photo

 

photo

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Кеше, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →