×

Астанадан Анталияға жаңа рейс ашылды

Аптасына екі рет – сәрсенбі және жексенбі күндері тікелей қатынайтын болады.

Астанадан Анталияға жаңа рейс ашылды
instagram.com/nqz_airport

Mavi Gök Aviation Анталия-Астана-Анталия жаңа рейсін ашты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Астана әуежайына сілтеме жасап.

Алғашқы рейс бүгін түнде Boeing 737-800 ұшағымен орындалды және ол 5,5 сағатқа созылды. 

Бұдан былай Қазақстанның астанасы мен Түркияның Жерорта теңізіндегі курорты арасында аптасына екі рет – сәрсенбі және жексенбі күндері тікелей әуе қатынасы жүзеге асырылатын болады.

Boeing 737-800 ұшағы 189 орынға арналған. Әуе компаниясы биыл шілде айынан бастап ұшақты 300-ден астам жолаушы орны бар Boeing 777-300ER-ге ауыстыруды жоспарлап отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →