×

Мысырда «әз-Заһир Бейбарыс» мешіті ашылды

Мешітті сонау 1266 жылы Бейбарыс сұлтанның өзі салдырған болатын

Мысырда «әз-Заһир Бейбарыс» мешіті ашылды

Бүгін Мысыр Араб Республикасының астанасы Каир қаласында «әз-Заһир Бейбарыс» мешітінің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қазақстан мен Мысыр мемлекеті үшін тарихи іс-шараға осы елдің Уақып министрі Мұхаммед Мұхтар Жұма, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, Көне мұралар бойынша Жоғарғы кеңесінің бас хатшысы Мұстафа Уазири, Мысыр мүфтиі, доктор Шауқи Ибраһим Аллам, әл-Азһар шейхы Ахмет Тайып және ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысып, сөз сөйледі.

«Каир шаһары – Ислам мәдениеті мен өркениетінің орталығына айналған қала. Міне, осындай мәшһүр қалада Бейбарыс бабамыздың мешіті ел игілігіне беріліп отыр. Бұл мешіттің тарихы тереңде жатыр. Мешітті сонау 1266 жылы Бейбарыс сұлтанның өзі салдырған болатын. Мәмлүк сәулет өнері үлгісінде бой көтерген «әз-Заһир Бейбарыс» мешіті кейінгі аумалы-төкпелі дәуірлерде қиын жағдайды бастан кешті. Мұнарасы құлатылып, әскери казармаға, кейін наубайханаға айналған кезі де болды.

Қазақстан Тәуелсіздігін алып, Мысырмен арада дипломатиялық байланыс орнады. 1993 жылғы сәуірде Қазақстанның Мысырдағы елшілігі ашылып, Қазақстан және Мысыр Үкіметтері арасында ортақ келісімдер қабылданды. Осылайша екі елге ортақ тарихи мұра «әз-Заһир Бейбарыс мешітінің» жөндеу жұмыстары қолға алынды. Міне, енді жөндеу аяқталып, құлшылық үйі жамағатқа есігін ашқалы отыр. Бұл да болса екі ел арасындағы берік байланыстың нәтижесі деп білеміз», – деді Бас мүфти.

Сондай-ақ салтанатты рәсімде ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы тарихи мешітте жиырма жылдан бері үздіксіз қызмет етіп келе жатқан Доктор Хишам Камилдің иығына шапан жауып, құрмет көрсетті.

Айта кетейік, тарихи мешіт қайтадан толықтай жөндеуден өтті. Ол Каир қаласының ең үлкен мешіттерінің бірі саналады. Мешітке келуші жамағатқа тарихи нысанның ескі суреттері ұсынылды.

 

 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант
Бүгін, 11:11

Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант

Қазақстандағы резонансты сот процесі ол жақта да айтылып жатқаны жөнінде ол жақында видео жариялады
Ол Бишімбаевтың Салтанатпен сөйлескен видеосының аудиосын жариялады
Бүгін блогер 24 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесіне қатысып, сот залына кірді
Жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтан жауап алды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →