×

Қорғаныс министрлігі құмар ойын ойнаған қызметкерлерін босатты

Олардың барлығы – орта құрамға кіретін әскери қызметшілер

Қорғаныс министрлігі құмар ойын ойнаған қызметкерлерін босатты
gov.kz

Былтыр қазан айында прокурорлық тексеруден кейін 305 мемлекеттік қызметкердің ойынханада 507 миллион теңге жұмсағаны белгілі болды. Олардың ішінде 95 әскери қызметші бар екені айтылған. Енді,жақында Қорғаныс министрлігі 11 қызметкерін казино ойнағаны үшін қызметтен босатты, деп хабарлайды Qaz365.kz. Бұл жөнінде Protenge телеграм-арнасы жазды.
Бас прокуратура жариялаған тізімде 95 әскери қызметші бар делінгенімен, Қорғаныс министрлігі тек 63 қызметкер анықталғанын хабарлаған.

«11-і қызметтен босатылды. Қалған әскери қызметкерлерге қатаң сөгіс түрінде тәртіптік айыппұл салынды, қызметке толық лайық еместігі жөнінде ескерту берілді, әскери шені бір сатыға төмендетілді. Әскери қызметкерлердің бір бөлігі казинода ойнағаны анықталғаннан көп уақыт өтіп кетуіне байланысты жауапкершіліктен босатылды», - делінген министрліктің жауабында.

Бұған дейін Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов казино ойнаған әскери қызметшілерге қатысты пікір білдірген болатын. Ол  тергеу қорытындысы бойынша олардың әскери қызметті жалғастыруына қатысты шешім қабылдаймын. Бірақ алдымен тергеудің нәтижесі шықсын деген еді.

«Бізде бәрі бар. Қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр. Олардың барлығы – орта құрамға кіретін әскери қызметшілер. Жоғары құрам жоқ, уақыты да жоқ, өйткені бәріміз ылғи далада жүреміз», - дейді Руслан Жақсылықов.

Ол казиноға барған әскери қызметшілер көп ақша ұтылмаған. Олар ойын-сауық мекемесіне білместіктен баруы мүмкін. Қорғаныс министрлігі алдағы уақытта әскери қызметшілер арасында отбасылық бюджетті жоспарлау және жүргізу бойынша оқыту курстарын өткізуді жоспарлап отыр. 
Мәжілісте құмар ойындарды тоқтатып, букмекерлік кеңселерді жабайық деп жүрген депутат Руслан Берденов жантүршігерлік статистикаларды алға тартады. 
Ол былтыр елдегі суицид жасаған 3 676 адамның әрбір бесіншісі құмар ойындарға тәуелді деп отыр. Депутаттың айтуынша, қазір елде 7 казино мен 30 букмекерлік компанияның ғана лицензиясы бар. Басқа онлайн интернет казинолар мен түрлі ақшалай ұтыс беретін онлайн ойындар ресми тіркелмеген көрінеді. Тіпті, соңғы уақытта олардың қатары артпаса, кемитін түрі байқалмайды. 
Руслан Берденов ең өзекті мәселе бәс тігу болып тұр деп отыр. 

«Өздері спорттан алыс, қарындары шығып кеткен, спорттың «С» деген әрпін де түсінбейтін азаматтар командалардың аналиткаларын қарап, бәс тігіп жүр. Өкінішке қарай, қарызға ақша сұрайтындар көп. Олардың бәрі осы бәстен ұтылған немесе тігетіндер. Депутаттық сауал жолдар алдында әлеуметтік желіде сторис салдым. Сол кезде бір күннің ішінде 2000-ға жуық хат келді. Соның 1000-нан астамы жақындары туыстары құмар ойынның кесірінен өз-өзінен қол жұмсағанын айтқан», - дейді депутат.

Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің деректеріне сәйкес, былтыр ойын бизнесін ұйымдастырушылардың салық аударымдары 109 миллиард теңге аударған.
Ол осы ретте Түркістан облысының Шардара және Төлеби ауданындағы 5 мектептің мұғалімдерінің айлығын интернет арқылы ұрлаған азаматты мысалға келтірді.
Күдікті осы алаяқтық әрекетімен 76 мұғалімге 26 млн теңге көлемінде шығын келтірген болатын. Бұрын өзі қаржы саласында жұмыс істеп, 1 С бухгалтерлік бағдарламасын жетік меңгерген ол қомақты соманы өз есепшотына аударып алған. Сосын оңай олжаны құмар ойынға жұмсаған.
Бас прокуратураның мәліметінше, 2022 жылы 31 мың қылмыстық құқықбұзушылық (20%) құмар ойындарға қатысты болған. Осы кезеңде 3 676 суицид тіркелсе, оның әрбір бесінші оқиғасы құмар ойындармен байланысты.
Қазақстанның мемлекеттік қызметкерлеріне арналған Этика кодексінде мемлекеттік қызметтің беделіне қатысты талаптар бар. Онда мемлекеттік қызметкерлердің құмар ойындары орындарына баруына тыйым салынған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →