×

«Мұндай ертегіні қою керек»: Үкімет есебі депутаттардың қатаң сынына ұшырады

Ақыры бар-жоғы 12 депутат қарсы болып, бюджет бәрібір қабылданып кетті

«Мұндай ертегіні қою керек»: Үкімет есебі депутаттардың қатаң сынына ұшырады
Ашық дереккөздерден

Аудторлық палата министрліктер бюджет қаражатын игере алмай жатқанын анықтаған. Ал депутаттар Үкімет есебін қатаң сынап, кейбірі дауыс беруден бас тартты, деп хабарлайды Qaz365.kz порталы.

«Әттең, жұмсар едік...»

Мәжілістегі отырыс бүгін әдеттегі отырыстардан ерекше өтті. Түскен дейін депутаттар министрлерлерді «тергеуге алып», Жоғарғы аудиторлық палатаның төрағасы Наталья Годунова да әдеттегі қалпымен біршама кемшіліктерді атап көрсетті. Жалпы, палата комитет болғанға дейін Годунова осындай мінезімен кабмин мүшелеріне «ұрсып» жататын. Бұл жолғы отырыс та сондай сипатта өтті.

«Бюджет саласы ашық болған сайын қулық-сұмдықтарды жасыру қиындай түсті. Төрт жыл бұрын біз жобалық-сметалық құжаттаманы 30 пайызға дейін асыру бағалау болғанын есептеп шығарып, бұл соманы жылына шамамен 1 трлн теңге деп бағаладық. Алайда қазір құрылыс материалдары бағасының өсуін және жоғары инфляция туралы әңгімені желеу етіп, жобалар тіптен қымбаттап барады. Осы 1 трлн теңгеге біз үш ауысымды мектептердің мәселесін шешіп, жылу электр орталықтарын жөндеуге жұмсар едік», - дейді Наталья Годунова.

«Мұның артында адамдардың тағдыры тұр»

Годунова келтірген көрсеткіштерге сәйкес, Қорғаныс министрлігінен 5 млрд 100 млн теңгенің ретсіз жұмсалғаны анықталған. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2 млрд 900 млн теңге, мәдениет және спортқа бөлінген 1 млрд 300 млн теңге тиімсіз жұмсалған. Осындай заңбұзушылықтардың ізінше алты дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Нақты қай министрліктерде тергеу жүріп жатқаны бірақ белгісіз.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бюджет бір жылдың ішінде 1 трлн теңгеге түзетілгеніне назар аударады. Оның айтуынша, осындай «тамаша сандардың» артында уақтылы қолданысқа берілмеген 60 мектеп тұр. Соның салдарынан он мыңдаған оқушы үш ауысымда білім алуға мәжбүр. Үлестірілмеген 18 мың грант тұр.

«Бұл бір тек салаға қатысты. Мұндай мысалдарды басқа салалардан да көптеп келтіруге болады. Мұның артында адамдардың тағдыры тұр», - дейді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.

«Халықты алдарқатуды қою керек»

Жалпы, Үкімет мүшелеріне бұл күні сын көп болды. Мәселен, депутат Николай Арсютин экспорттаушылар 2022 жылы неге 600 млн теңге көлемінде субсидияны неге ала алмағанын Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннен сұрады.

«Ең үлкен себеп – бұл ережелер дұрыс жоспарлау мен болжау болмағандықтан», – деп, кемшілікті өзінің алдындағы министрге сілтегендей болады.

Ал Аманжол Әлтаев болса, Үкіметтің жалпы депутаттық сауалдарға жауапты дұрыс бермейтінін атап өтеді.

«Отписка жасағанды қашан қоясыңдар!?» – деп айтып салды ол.

Депутат Нартай Аралбай «Арт спорт» бағдарламасына кеткен миллиардаған қаражатқа сұрау салады.

Ал Азат Перуашев Үкіметтің есебін не үшін қабылдамайтынын санатқа бөліп тұрып айтып берді.

«Квазимемлекеттік сектор экономиканың 60%-ға дейін үлесін құрайтынын еске сала кеткен жөн деп санаймын. Демек, Парламент өз кірісінсіз мемлекет есебінен қалыптасатын нақты қаржылық ағындардың бір бөлігін ғана көре алады. Үкімет пен ұлттық компаниялар қалған сомаларды өз қалауы бойынша Парламент қабырғасынан тысқары жерлерге шығарады. Ал, «ықпалды Парламент» пен «есеп беретін Үкімет» қайда?» - дейді ол.

Солай дегенмен, ақыры бар-жоғы 12 депутат қарсы болып, бюджет бәрібір қабылданып кетті.

Сөз соңында депутат Ермұрат Бапи отырысқа Премьер-Министр не үшін келмеді деген мәселе көтерді. Оның айтуынша, дәл қазіргі дағдарыс жағдайында Премьер-Министр «министрлерін бықпырт тигендей айдап әкеліп, бағдарламасын қорғауы керек болған».

«Жамаубаев мырза, елдегі жұмыссыздық 4,9 пайыз деді. Он шақты жылдан бері осы аралықта тұр. Бұл қандай өнермен жасалып жатқан арифметикалық есеп екенін мен білмеймін. Елдегі халықтың 45 пайызы ауылда тұрады. Ол жерде мұғалімнен басқаларда жұмыс жоқ. Ашылып жатқан өндіріс орыны да. Ал жыл сайын еңбек нарығына кемінде 200 мың адам келіп қосылады. Сонда бұл 4,9-5 пайыз арасындағы жұмыссыздық қалай өзгермейді? Мен таңғалам», - дейді ол.

Ермұрат Бапи «жылына 3 млн дөңгелек шығарамыз» деген Үкімет есебіне де таңғалатынын жасырмады.

«Мұндай ертегіні қою керек, халықты алдарқатуды да қою керек», - дейді ол.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Салтанаттың ағасы Айтбек кәсіпкер Райымбек Баталовқа қатысты мәлімдеме жасады
25.04.2024ж. 09:37

Салтанаттың ағасы Айтбек кәсіпкер Райымбек Баталовқа қатысты мәлімдеме жасады

Ол Бишімбаевтың Салтанатпен сөйлескен видеосының аудиосын жариялады
Бүгін блогер 24 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесіне қатысып, сот залына кірді
Жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтан жауап алды
Байжанов Бишімбаевтың жанында тұрып, телефонның ар жағындағы әңгімені естігенін айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →