×

“Меншігінде жер көп”: Қызылорда облысы әкімі Нәлібаев туыстарының иелігіндегі жер телімі туралы пікір білдірді

Оның айтуынша, туысы болсын-болмасын, заңсыз алынған жерлер қайтарылады

“Меншігінде жер көп”: Қызылорда облысы әкімі Нәлібаев туыстарының иелігіндегі жер телімі туралы пікір білдірді
gov.kz

Қызылорда облысы әкімі Нұрлыбек Нәлібаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде туыстарының иелігіндегі жер телімдері туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz

Брифингте журналист өңір әкімінен туыстарының атында ауыл шаруашылығы мақсатында қанша гектар жер бар екенін сұрады. 

«Жергілікті халықтың айтуынша, Қызылорда облысында сіздің туыстарыңыздың меншігінде көп жер бар көрінеді. Ол туралы не айтасыз?», –  деп сұрады тілшілердің бірі.

Ол мұнымен келіспейтінін, ал нақты жауапты жазбаша беретінін немесе құқық қорғау органдарынан да сұрауға болатынын айтты. 

«Олар тексеріп сізге ақпаратын береді. Мен сіздің бұл сұрағыңызбен келіспеймін. Алса, заң жүзінде өзіне тиесілі жері. Кезінде берілген, біз әкім болмай тұрып, осыдан 20 жыл бұрын берілген жерлерін алған шығар. Ал басқа ондай иеленіп жатқан жерлері жоқ. Сізге біз міндетті түрде жауап береміз», –  деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Сондай-ақ әкім өңірде пайдаланылмай жатқан жер телімдерін қайтару жұмысы қарқынды жүріп жатқанын атап өтті.

«Былтыр облыста 157 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған. Ал биыл 200 га астам жерді мемлекетке қайтару жоспарланып отыр. Біздің туыс бола ма, басқа бола ма, жерді заңсыз алса қайтарады. Оны менен басқа да органдар қадағалап отыр. Ел айтты екен деп сұраудың қажеті жоқ, нақты дәлелмен сөйлеген дұрыс деп есептеймін», –  деді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті
Бүгін, 17:20

Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті

Сарапшылардың айтуынша, ЕАЭО құрамындағы басқа елдердегі жоғары инфляция аясында Қазақстан баға өсімін тежеуді жалғастырып келеді
Аталған жағдай бірінші рет тіркеліп отырған жоқ.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2025 жылдың бес айында Қазақстанда 23,8 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2024 жылғы қаңтар-мамыр - 20,3 мың тонна) 17,1% артық.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →