×

Абай облысындағы орман өрті 30 мың гектарға жетті

Өртті сөндіруге 600-ден астам адам жұмылдырылды

Абай облысындағы орман өрті 30 мың гектарға жетті
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Абай облысында 6 учаскеде өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының күштері мен құралдары орман шаруашылығына өртті сөндіруге көмектесіп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ТЖМ мәліметіне сілтеме жасап.

Орман шаруашылығы комитетінің ақпаратына сәйкес өрт ауданы - 30 000 гектар. Қазіргі уақытта өртті сөндіруге ТЖМ, Орман шаруашылығы комитетінен, жергілікті атқарушы органдардан және Қорғаныс министрлігінен 600 аса адам, 168 техника жұмылдырылған.

6 тікұшақ тартылды, өрт аумағын аэровизуалды тексеру және өрт ошақтарына су ағызу жүзеге асырылып жатыр. Өрт ошақтарына әуеден 55 рет су төгілді, жалпы көлемі 154 тонна болады.

"Министр Абай облысындағы өртке және өртті сөндіруге тартылған күштер мен құралдарды үйлестіру қажеттілігіне байланысты Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарын тоқтатты. Министр ТЖМ Дағдарыс жағдайында басқару орталығындағы штабты жеке өзі басқарады", - делінген хабарламада.

"Қазгидромет" мәліметінше, 9 маусымдағы деректері бойынша: күндіз облыстың солтүстігінде, батысында қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, күші 9-14, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 15-20, облыстың оңтүстігінде 23 градус жылы, күндіз 29-34 градус жылы, облыстың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық болады деп күтіледі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант
Кеше, 11:11

Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант

Қазақстандағы резонансты сот процесі ол жақта да айтылып жатқаны жөнінде ол жақында видео жариялады
Ол Бишімбаевтың Салтанатпен сөйлескен видеосының аудиосын жариялады
Бүгін блогер 24 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесіне қатысып, сот залына кірді
Жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтан жауап алды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →