×

Қамаудағы журналист Думан Мұхаммедкәрімге тағы бір айып тағылды

Бұл туралы журналистің адвокаты хабарлады

Қамаудағы журналист Думан Мұхаммедкәрімге тағы бір айып тағылды
ашық дереккөзден

Қамаудағы журналист Думан Мұхамедкәрімге "террористiк немесе экстремистiк әрекетті қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге өзге де дем берушілік" (Қылмыстық кодекстің 258-бабы) бабы бойынша айып тағылған. Бұл туралы 9 маусымда журналистің адвокаты Ғалым Нұрпейісов айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Азаттыққа сілтеме жасап.

– Думан Мұхаммедкәрімге қатысты 258-баптың 1-бөлігі бойынша іс қозғалды. Бұған дейін қозғалған 405-баппен біріктіріліп жатыр. Негізгі іс 258-баппен жүреді. Бізде жаңа ғана 258-бап бойынша қозғалған іс аясында жауап алынды. Думан қорғануға құқығы бар куә ретінде сұрақтарға жауап берді. Іс Әблязовпен болған сұхбатқа қатысты. Өзге ақпарат айта алмаймын, – деді адвокат Ғалым Нұрпейісов.

Билікті қатаң сынап жүрген журналист Думан Мұхаммедкәрім 28 мамырда "бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды" деген айыппен 25 тәулікке қамалған. Журналист изоляторда сот шешіміне қарсылық білдіріп, өзге де талаптар айтып, аштық жариялаған.

– 10 күннен бері тек су ішіп жатыр. Бүгін жауап алуға келгенде екінші қабатқа әрең көтерілді. Өте әлсіз. Арықтап кеткен. Күші жоқ, – деді адвокат.

Бұған дейін оның жақтастары 28 мамырда журналистің заңсыз ұсталуына байланысты құқық қорғау органдарынан тексеріс жүргізуді талап еткен. Полиция өкілдері тексеріс жалғасып жатқанын хабарлаған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант
28.04.2024ж. 11:11

Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант

Қазақстандағы резонансты сот процесі ол жақта да айтылып жатқаны жөнінде ол жақында видео жариялады
Ол Бишімбаевтың Салтанатпен сөйлескен видеосының аудиосын жариялады
Бүгін блогер 24 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесіне қатысып, сот залына кірді
Жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтан жауап алды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →