×

Олимпиадаға қатысқан 22 жастағы гимнаст қайтыс болды

Ол Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы атанды

Олимпиадаға қатысқан 22 жастағы гимнаст қайтыс болды
Наш Костанай

Қазақстанның спорт шебері, спорттық гимнастикадан ел құрамасының мүшесі Аян Молдағалиев 22 жасында дүние салды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл жайлы Қостанай облысының спорт басқармасынан мәлім етті.

Аян спорт гимнастикасындағы жолын 2007 жылы бастаған. Талай жарыстарға қатысып, Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы атанды. 2018 жылы Аргентинада өткен жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарында бақ сынады. Индонезияда өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды.

«Оның осы беделді іс-шараларға қатысуы - тамаша спорттық шеберлігі мен гимнастикаға берілгендігінің айғағы. Аян Қазақстан ұлттық құрамасының да мүшесі болды. Оның таланты, еңбекқорлығы мен спортқа деген адалдығы Қазақстанның көркем гимнастика тарихында өшпес із қалдырады. Оның есімі және жетістіктері оны көрнекті спортшы және спортқа берілгендіктің үлгісі ретінде білетін және құрметтейтіндердің жүрегінде мәңгі сақталсын. Аянның отбасына, достарына және барша жанкүйерлеріне қайғырып көңіл айтамыз», – делінген басқарманың хабарламасында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →