×

Дикий Арман азаптау фактісі бойынша сотта жеңіске жетті - адвокат

Бұл туралы оның адвокаты мәлім етті

Дикий Арман азаптау фактісі бойынша сотта жеңіске жетті - адвокат
Instagram / arman__dikiy

Арман Жұмагелдиев (лақап аты Дикий Арман) құқық қорғау органдары тарапынан азаптау фактісі бойынша сотта жеңіске жетті. Бұл туралы оның адвокаты Олег Чернов мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Өзін қолдайтын адамдардың тізімі бар. Ол өзі үшін осы қиын сәтте теріс айналмағандардың барлығына алғысын білдіреді. Қазір ол сот отырысына дайындалып, қылмыстық іс материалдарымен танысуда. Арман қылмыстық істің әрбір бетін және қолда бар дәлелдерді егжей-тегжейлі зерттейді, – деп жазды адвокат.

Еске салайық, «Дикий Арман» лақап атымен танымал қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиев былтыр 7 қаңтарда ұсталған болатын.

Кейін ҚР Бас прокуратурасы «Дикий Арманның» Ұлттық қауіпсіздік қызметінің тергеу изоляторында отырғанын мәлімдеді. "Қаңтар оқиғасын" ұйымдастырды деген күдікпен 18 адамның үстінен қылмыстық іс қозғалған. Олардың арасында Арман Жұмагелдиев те бар. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Мұғалімдер басшылықтан қорықса жасырын түрде шағым бере алады – Оқу-ағарту министрлігі
Бүгін, 18:33

Мұғалімдер басшылықтан қорықса жасырын түрде шағым бере алады – Оқу-ағарту министрлігі

Оқу-ағарту министрлігі егер мұғалімдер өз міндетіне жатпайтын еңбекке тартылып, бірақ сол үшін шағымданудан қорықса жасырын түрде арыз түсіре алатынын хабарлады
Ол ұзаққа созылған қатерлі дертпен өмірінің соңына дейін күресті
Әкімнің сөзінше, дәл қазір «Телман» сорғы станциясында техникалық су құбырын салу жобасы жүріп жатыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →