×

«Зар еңіретіп көкөніс павильонын тартып алған»: Әкімдік түсініктеме берді

Астана әкімдігі көкөніс павилольоны ішінде зар илеген балалардың видеосы жөнінде түсініктеме берді.

«Зар еңіретіп көкөніс павильонын тартып алған»: Әкімдік түсініктеме берді
коллаж Qaz365.kz

Астана әкімдігі көкөніс павилольоны ішінде зар илеген балалардың видеосы жөнінде түсініктеме берді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі. 

1612info инстаграм парақшасы бұған дейін Астана әкімдігі павильонды заңсыз деген желеумен көп балалы анадан бизнесті алып жатқан екі видеоны жариялаған еді.

«Жеті баласы бар көп балалы ана 5 миллион теңгеге көкөніс павильонын сатып алған болатын, енді әкімдік бұл кәсіпті заңсыз деп танып, алып қойды», - деп жазылған постта.

«Әкімдік заңдастырудың, құжатпен көмектесудің орнына айуандықпен бизнесті тартып алып, отбасын қарызға батырып, ертеңгі күнге деген сенімінен айырып, бала- шағасын шуылдатып зар еңіреткен. Біздің еліміздегі мемлекеттік қызметкерлер азаматтардың мәселесін өркениетті түрде шешудің , құжатпен, рұқсат қағазымен көмектесудің орнына, керісінше, бәрін қиратып, іріктеп, талқандап, соңғы үмітін, барын жойып жіберетін  құралға айналғандай. Билікте мемлекеттің қызметі не екенін мүлде түсінбейтін, не үшін төленетінін түсінбейтін адамдар бар», - делінген хабарламада.

Астана әкімдігі бұл жөнінде не дейді? Әкімдің бұл оқиғаның расында да елордада мамырда болғанын растайды.

Қалалық Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының хабарлауынша, мамыр айында өз бетінше иеленіп жатқан жер учаскелерінің фактілерін анықтау және оларда заңсыз сауданы ұйымдастыру, сондай-ақ стационарлық емес сауда объектілерін Астананың сәулеттік келбетіне сәйкес келтіру бойынша мониторинг жүргізілген. Астана қаласы Алматы ауданы әкімінің аппараты қызметкерлері заңсыз орнатылған павильон фактісін анықтаған.

«Азамат Г. Артықбаева мен Б. Жүсіпова нысанды бөлшектеу туралы хабарлама берді. Сонымен қатар, бүгінгі күні көше саудасын заманауи форматта дамыту, сондай-ақ елорданың сыртқы келбетін сәулеттік келбетіне келтіру мақсатында "Astana" ӘКК "АҚ операторы болып табылатын "1000 орын-көше саудасы"бағдарламасы іске асырылуда. Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының және "Astana" ӘКК " АҚ қызметкерлерімен бағдарламаға қатысу шарттары бойынша Г.Артысбаева мен Б. Жүсіповаға кеңес берілді», - делінген хабарламада.

Осыған байланысты, Артысбаева «Astana «ӘКК» АҚ-ға 2023 жылғы 24 мамырдағы мекенжайлар бойынша 4 жер учаскесін қосу (бөлу) туралы өтінішпен жүгінген. Ол учаскелер: Азия+ ТК және Айдидар ТК үйлері арасында, Ш. Қалдаяқов көшесі 23А және 23 үйлердің арасында, Момышұлы 19 Тұран мейрамханасы арасында және Момышұлы даңғылы 19 жол бойында (ломбард алдында).

«Қазіргі уақытта өтініштер Астана қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасында келісу сатысында тұр», - делінген хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жалпыға бірдей декларация: 2025 жылы жеке кәсіпкерлер үшін не өзгереді
Бүгін, 18:45

Жалпыға бірдей декларация: 2025 жылы жеке кәсіпкерлер үшін не өзгереді

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →